Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»2018 жылдың қаңтар–ақпан айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар 54,4%-ке өсті — А. Қабыкенов
    Жаңалықтар

    2018 жылдың қаңтар–ақпан айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар 54,4%-ке өсті — А. Қабыкенов

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа09.04.2018Updated:09.04.2018Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Арыстан Қабыкеновтың айтуынша, ағымдағы жылдың қаңтар–ақпан айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54,4%-ке артып, 1,2 трлн теңгені құраған.

    Өнеркәсіптегі инвестициялардың 84,8%-ке өскені байқалады. Сонымен бірге тау-кен өнеркәсібінде өсім 94,5%-ті құрады, өңдеуге салынған инвестициялар 72%-ке, құрылысқа салынған инвестициялар 159,8%-ке өсті.

    Осы жылдың белгіленген кезеңіндегі сыртқы инвестициялар көлемі 160,3 млрд теңгеге артып, 361,5 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар Атырау, Қарағанды облыстары мен Алматы секілді өңірлерде өсімнің ең жоғары деңгейі байқалады.

    «Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында инвестициялар тарту міндеті – Үкіметтің басымдықты міндеті саналады. Осыған байланысты Ұлттық инвестициялық стратегия қабылданып, іске асырылуда. Оның негізгі бағыттары – тікелей шетелдік инвестицияларды тарту, мемлекеттік-жекешелік әріптестік және жекешелендіру», — деді Арыстан Қабыкенов.

    ЖІӨ-нің жоспарлы өсуін қамтамасыз етудің басты мақсатына жету үшін (2018 жылы — 4%-тен астам) 2025 жылға дейін мақсатты көрсеткіштер белгіленді. 2018 жылы негізгі капиталға салынатын инвестициялардың қажетті республикалық өсу қарқыны 5,1%-ті құрайды.

    Осы міндеттерді іске асыру мақсатында екі бастама қарастырылған — бұл инвестицияларды тарту жұмысын жандандыру және инвестициялық ахуалды жақсарту. Бірінші бастама аясында жобалар бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі. Екінші бастама елдегі инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған жүйелі шараларды қарастырады.

    2018 жылға арналған шамамен 14 іс-шараны іске асыруды көздейтін егжей-тегжейлі жоспар әзірленді.

    «Қазақстан ЭЫДҰ-мен сегіз жыл бойы бірлесіп атқарған жұмысынан кейін өткен жылы ЭЫДҰ Инвестициялар жөніндегі комитетінің қауымдастырылған мүшесі болды. Бұл елдегі инвестициялық ахуалдың жоғары стандарттарға және ұйым талаптарына сай келуінің дәлелі», — деді инвестициялар және даму вице-министрі.

    Осылайша, ЭЫДҰ ұсынымдарына сәйкес, азаматтары Қазақстанға визасыз режимде келе алатын елдердің тізімі кеңейтілді — 2018 жылдан бастап, ЭЫДҰ-ның барлық елін қоса алғанда, бұл 61 ел. Бұдан өзге, 2018 жылдың соңына дейін Астана мен Алматы әуежайлары арқылы өтетін Қытай азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз режим енгізілді. Қазіргі таңда Үндістан азаматтары үшін осындай визасыз режимді енгізу мәселесі қаралып жатыр.

    Сондай-ақ, шетелдік жұмыс күшін тарту жағдайлары қайта қаралып, Жоғарғы Сот жанынан Инвестициялық даулар жөніндегі мамандандырылған сот алқасы құрылды. Инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы халықаралық келісімдерді жасау жұмыстары жетілдірілді.

    «Мемлекет басшысының БАӘ-ге жасаған ресми сапарының қорытындысы бойынша ҚР мен БАӘ Үкіметтері арасында инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы келісімге қол қойылды. Қазіргі таңда 20-дан астам елмен келісім жобалары пысықталып жатыр», — деді вице-министр.

    Биыл инвестициялық ахуалды одан әрі жетілдіру бойынша заңнамалық бастамалар пакеті құрылады. Бұдан өзге, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап АЭА бойынша Салық кодексі аясында салықтық әкімшілендіруді оңтайландыру бойынша бірқатар заңнамалық түзетулер күшіне енді. 2017 жылғы желтоқсанда 2018 жылғы 29 маусымда күшіне енетін «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске қол қойылды.

    Шетелдік инвесторлар үшін инвестициялар саласындағы заңнаманың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Министрлік кәсіпкерлік және инвестициялық қызмет мәселелерін қарастыратын, НҚА тізімін ағылшын тіліне аудару үшін бекітті.

    Мемлекетте инвесторларға қолдау көрсету шараларының пакеті бар, ол салық жеңілдіктері, кедендік алымдарды төлеуден босату және заттай гранттар беру, АӨК қолдау аясында инвестициялық субсидиялар беру шараларын қамтиды.

    Инвесторлардың өңірлердің инвестициялық әлеуеті туралы барынша толық ақпарат алуы үшін облыс әкімдіктерінің инвестициялық порталдарын жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, инвестор ол жерден бос жатқан жер телімдері, осы жердегі инвесторлардың қол жеткізген табыстары туралы, сондай-ақ инвестор өңірге келген кезде оған жасалатын қолайлы  жағдайлар: ағылшын тілінде қызмет көрсететін қонақ үйлер, ауруханалар, балабақшалар, мектептер, такси туралы өзіне пайдалы ақпаратты таба алады.

    Жалпы алғанда, ҚР ИДМ-де қолайлы инвестициялық ахуал жасау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

    Дереккөз: primeminister.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.