Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Нұрсұлтан Назарбаев елорданы одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
    Жаңалықтар

    Нұрсұлтан Назарбаев елорданы одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа06.04.2018Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Жиында Мемлекет басшысы Астананың құрылысы мен қалыптасу тарихының кезеңдеріне тоқталып, осы үдеріске қатысқандардың барлығы да бұған зор үлес қосқанын ерекше атап өтті.

    – Біз бабаларымыздың арманын орындап, Сарыарқаның төрінде астанамызды салдық. Әсем қала тұрғызып, оны бүкіл әлемге паш еттік. Астана бүкіл халқымыздың мақтанышына айналды. Көптеген адам мұнда ауа-райы жағдайына қарамай тынымсыз еңбек етті, – деді Қазақстан Президенті.

    Елбасы Астананың айрықша мәртебеге ие болып отырғанын және оның әлемдік аренадағы беделі зор екенін айтты.

    – Біз тарихи тұрғыдан қысқа мерзім ішінде тиісті инфрақұрылымы бар, миллион адам мекендейтін нағыз мегаполис тұрғыза алдық. Астана – бүкіл жер шарының назарын өзіне аударып, әлемдік деңгейдегі маңызды шаралар өткізе алатын дүние жүзіне танымал қала, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

    Кеңес барысында Астана қаласының әкімі Ә.Исекешев қаланың инфрақұрылымын дамыту және трансформациялау, сондай-ақ әлеуметтік нысандарды салуға қатысты жобалардың іске асырылуы жөнінде есеп берді. Атап айтқанда, Ә.Исекешев денсаулық сақтау саласына цифрлық технологияларды енгізу, тұрғын үй нысандарын салу, әлеуметтік жобаларды іске асыру, жаңа энергетикалық моделді енгізу, сондай-ақ қаладағы экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған жұмыстарды жүргізу барысын баяндады.

    Мемлекет басшысы есепті тыңдап, тартылған инвестиция көлеміне, шағын және орта бизнестің өркендеуіне қатысты қол жеткізілген бірқатар экономикалық көрсеткіштерге оң баға берді.

    – Астана – еліміздегі ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Тұрғындарының саны 1 миллионнан асты. Халық санының өсуімен қатар тұрғын үй құрылысы да жанданып келеді. 20 жыл ішінде 20 миллион шаршы метр тұрғын үй, 53 жаңа мектеп және 26 аурухана пайдалануға берілді, – деді Елбасы.

    Мемлекет басшысы Астананың елімізді және экономикамыздың жекелеген секторларын одан әрі өркендету жолындағы маңызды рөліне тоқталды.

    – Қала салу жөніндегі шешімді дұрыс қабылдадық. Астана экономиканы әрі қарай дамыту, халық санын көбейту, ғылым, техника және инновация салаларын ілгерілету ісіне тың серпін берді. Елорда құрылысына жұмсалған барлық қаражаттың қайтарымы болды, – деді Қазақстан Президенті.

    Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды қол жеткізген жетістіктермен шектелмей, «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдау мен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» аясындағы жұмыстарды жалғастыруға шақырды.

    Сонымен бірге, Мемлекет басшысы қала әкімшілігінің және уәкілетті мемлекеттік органдардың ерекше назар аударуын талап ететін мәселелерге арнайы тоқталды.

    Атап айтқанда, Елбасы шағын және орта бизнес кәсіпорындарының өкілдері арасында жазғы сауда алаңдарын пайдалану ережелеріне қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

    Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің тиімсіз пайдаланылып жатқанына, сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда орындарын ұйымдастыруға қатысты проблемаларды да атап өтті.

    Сонымен қатар, Мемлекет басшысы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, туристік нысандарды тиімді пайдалану, «Сергек» жүйесін қолдану, ескі және апатты жағдайдағы тұрғын үйлер мәселесін шешу, еліміздегі мегаполистердің стратегиялық даму мәселелеріне тоқталды.

    – 2050 жылға дейін тұрғындар саны Алматыда 2,5 миллионға, Астанада 2 миллионға, Шымкентте 1,5 миллионға жетуі керек. Бұл қалалар  өсіп-өркендеу мекеніне айналып, оларда әлемдік деңгейде қызмет көрсетілетін болады. Басқа қалалардың да өздерінің даму бағдарламалары болуға тиіс. Үкімет бұл мәселені зерттеуі қажет, – деді Қазақстан Президенті.

    Нұрсұлтан Назарбаев тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына уақтылы бақылау жасауды қамтамасыз ету қажеттілігін айтып, қалада көлік тұрақтарын салу мәселесін қарастыруды тапсырды.

    Мемлекет басшысы Кемерово қаласында болған қайғылы жағдайды еске салып, халықтың қоғамдық орындардағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне назар аударды.

    Қазақстан Президенті энергиямен қамтамасыз ету саласында «ЭКСПО-2017» көрмесінің озық тәжірибелерін пайдалану қажеттігін атап өтіп, қаланы газбен қамту жүйесін құру мәселесін қарастыруды тапсырды.

    Кеңес барысында көлік инфрақұрылымы мен жеңіл рельсті көлік желісінің құрылысын дамыту, демалыс орындары мен білім беру нысандарын салу, қаланың экологиялық проблемаларын шешу және қалдықтарды қайта өңдеу мәселелері де талқыланды.

    Жиын соңында Нұрсұлтан Назарбаев электр қуатымен жүретін экспериментті «IVECO Heuliz» маркалы жаңа автобусты көрді.

    Дереккөз: akorda.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.