Бүгін Минскте Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Алқалы жиынға қазақстандық делегацияны еліміздің Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов бастап барады. Кеңесте 12 мәселе қаралады. Басым бөлігі достастық аясындағы гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мен қауіпсіздікті нығайтуға арналған. Бұдан бөлек, тараптар ақпараттық технология саласындағы қылмыспен күресте де өзара әріптестік орнатуға уағдаласпақ.
Дереккөз: 24.kz