Украина президенті Петр Порошенко Украина мен Қазақстан арасында келіссөздер жүргізу үшін делегация құрды, деп хабарлады ҚазТАГ Украина президентінің сайтынан сілтеме жасап.
«Украина президенті П. Порошенко Украина мен Қазақстан арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шарт жобасын және Украина мен Қазақстан арасындағы оны беру туралы шарт жобасын әзірлеу бойынша Украина мен Қазақстан арасындағы келіссөздер үшін делегация құру туралы жарлық шығарды», — делінген сейсенбідегі хабарда.
Делегация құрамына Украинаның әділет, сыртқы істер министрлігінің, бас прокуратураның, президент әкімшілігінің 6 өкілі кірген.
Сондай-ақ, П. Порошенко Украина үкіметіне келіссөздер жүргізуді қаржылай қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырды.