Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-да өңірлік инвестициялық кеңестің кезекті отырысы өтті
    Жаңалықтар

    ОҚО-да өңірлік инвестициялық кеңестің кезекті отырысы өтті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа03.04.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Елбасы мен Үкіметтің тапсырмаларын уақытылы және тиісті деңгейде орындау – барлығымыз үшін басымды бағыт болуы тиіс. Осы тұрғыдан облысымызға инвесторларды тарту мен инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында құрылған өңірлік кеңестің жұмысын одан әрі жандандыру қажет.  Бұл туралы өңірлік инвестициялық кеңестің отырысында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.

    Жиын барысында өңір басшысы экономиканы әртараптандыру және оны дамыту үшін инвесторларға қолайлы ахуал жасау, инвестиция саласына байланысты нормативтік – құқықтық базаны жетілдіру қажеттігіне тоқталды. Кеңесте Үкімет басшысының  қатысуымен өткен жиында облысымызда жүзеге асырылып отырған жобалардың іске асу барысы талқыланды.

    «Оңтүстік Қазақстан облысы аграрлық аймақ. Басқа салаларда да басымдықтарға иеміз. Сондықтан «Kazakh Invest» акционерлік қоғамының өңірлік филалының жұмысын күшейту қажет. Елордамыз Астана қаласы мен басқа өңірлерде өтіп жатқан халықаралық маңызға ие бизнес шараларға белсене қатысып, инвесторларды тартуға ықпал етуі керек.  Сондай-ақ, облыс әкімдігіне қарасты барлық басқармалар мен құрылымдар инвесторлармен жұмыс істеуде мәдинетті және барлық талаптарға лайықты болуы тиіс. Іске қосылғалы отырған кәсіпорындарды қажетті инфрақұрылымдық жүйелермен дер кезінде қамтуға негізгі басымдық берілуі керек», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

    Кеңес барысында облыс әкімі «Аsia Trafo», «Gold Aluminum», «Green Technology», «Golden Camel Group Ltd» компанияларының басшыларының өтініш-тілектерін тыңдады. «Аsia Trafo» ЖШС директоры Серғазы Күнтуаров электр мен газ қажеттігін жеткізсе, «Green Technology» Жеңісбай Сұлтанов қондырғыларды іске қосуға келетін шетелдік мамандардың виза мәселесін көтерді. «Golden Camel Group Ltd» компаниясының басшысы Ли Хуэй биылғы жақын арада 30-ға жуық жергілікті тұрғындарды   жұмысқа қабылдайтынын жеткізді. Осы ретте сөз алған облыс әкімі құрғақ шұбат өндіретін кәсіпорынға қажетті түйе сүтінің көлеміне алаңдаушылық білдірді. Оның 9 мыңы ғана аналық саналады.

    Жалпы Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облысытарындағы түйе саны 70 мыңнан асады.  Осыны ескерген өңір басшысы алдағы уақытта өзге облыстармен де тығыз байланыс орнатып, зауыттың қажеттілігін орындап отыруға болатынын жеткізді. Сондай-ақ, тиісті басқарма басшыларына өңіріміздегі түйе шаруашылығын дамыту мақсатында нақты тапсырмалар жүктеді.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.