Латвия президенті Раймонд Вейонис аз ұлтты мектептерді латыш тілімен оқытуға көшіру туралы заңға қол қойды. Бұл туралы мемлекет басшысы канцеляриясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Латвия басылымы жазады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.
Енді Латвияда орта білімді тек мемлекеттік тілде ғана алуға болады. Бұған қатысты білім туралы заңға тиісті өзгетулер енгізілді.
Вейонистің айтуынша, бұл шара мектеп оқушыларына сапалы білім алуына және Латвияда жақсы өмір сүруіне мүмкіндік береді. Елдің әл-ауқатын жақсартып, қоғамның бірлігін арттырады.
Латыш тілінде білім алуға толық көшу 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2021 жылдың 1 аяқталады.
Мектепке дейінгі білім екі тілде беріледі, ал бастауыш сыныпта – бірінші және алтыншы сынып арасында қостілді білім берудің үш үлгісі қолжетімді болады. Ал, жетінші және тоғызыншы сыныптарда мектеп пәндерінің 80 пайызы, содан кейін 10-12-сыныптарда барлық пән латыш тілінде оқытылады.