Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Ақтөбеде қайырымды кәсіпкер студенттерге арнап тегін кафе ашты
    Жаңалықтар

    Ақтөбеде қайырымды кәсіпкер студенттерге арнап тегін кафе ашты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа03.04.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Кәсіпкер Ербол Байжарқынов Ақтөбеде студенттерге арнап  кафе ашты. Жаңа ашылған мекемеде студенттерге сорпа, макарон өнімдері, шай, нан, қант тегін беріледі.  Ал асханаларда және кафелердегі стандартты студенттік түскі ас 400 теңге тұрады.

    «Қазақ» кафесі аптасына 6 күн, таңғы сағат жетіден кешкі беске дейін жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде тегін тамақтану үшін студенттік билет көрсету керек. Дәмханада ақша төлеп те тамақтануға болады. Тегін мәзірге кірмейтін тағамдар мен тәттілердің тізімі бар. Кафе 50 адамға арналып жасалған. Мұнда күніне мың студентке дейін тамақтана алады. Бұл туралы esil.media

    парақшасына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

    «Ақшасы жоқ студенттер сорпа, макарон, шайды тегін ала алады. Ал ақшасы бар адамдар ақылы тізімдегі тағамдарды алса да болады. Әрқашанда таңдау бар», – дейді Ербол Байжарқынов

    «Мұны не үшін істеймін? Барлығы, тіпті жетістікке жетті деген 10 адам басқаларға көмектесіп, жақсылық жасау керектігін түсінеді. Өзіңді ғана ойлау, бұл – жетістік емес. Сондай-ақ, біз сенбі күні сағат 17.00-де Ақтөбе кәсіпкерлері деп аталатын дәріс өткіземіз. Олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіпті неден бастағандарын айтатын болады. Дәріс барысында қойылған сұрақтарға жауаптар, кеңестер беріледі», – дейді қайырымды кәсіпкер.

    Дәмхананы таңғы сағат жетіде ашылады екен. Әкімшілік студенттер сабақ алдында таңғы ас ішіп үлгерсін деген оймен, осындай жұмыс кестесін енгізген. Кафе қожайыны  болашақта  дәмхана жанынан студенттік шаштараз ашып, кеңсе тауарларын сатуды жоспарлап қойыпты.

    Кафенің ішіндегі әрбір заттар мұқият қарастырылған. Бір қабырғада географиялық карта, ал екінші жағында әлемдегі неше түрлі кітаптар мен фотосуреттер тұратын сөре бар. Бұл студент тамақтана отырып болашаққа жоспар құрсын деген мақсатпен жасалған екен.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.