Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Астанада дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен басқосу өтті
    Жаңалықтар

    Астанада дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен басқосу өтті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа03.04.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

     Қазақ диаспорасы тығыз қоныстанған өлкенің бірі – Моңғолия аумағындағы Бай-өлке аймағы. Қазіргі таңда бұл елді мекенде 103 мыңға жуық халық болса, осылардың 96 мыңы қазақ. Аймақ көлеміндегі 43 орта мектепте 26 мың оқушы білім алып жатыр. Тіпті кейбір мектептер үш ауысыммен оқиды, деп хабарлады egemen.kz.

    Яғни халықтың өсімі жақсы. Бірақ мұндағы ең бір күрделі мәселе – жұмыссыздық. Яғни жұмыс істеуге қабілеті зейнет жасына жетпеген 22 мың адам екі қолға бір күрек таппай қиналып жүр. Тіпті бұлардың 13 мыңында жоғары білімі бар.

    Өткен аптаның аяғында осы бір қордаланған мәселені реттеу мақсатында Бай-өлке аймақтық Өкілеттер құрылтай төр­ағасы Бауыржан Дәлелұлы бас­таған аймақ басшылары ел­ордаға келіп, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының пәрменді ұйымдастыруымен келелі басқосу өткізді.

    Жиынға диаспора ісіне қа­тысы бар еліміздегі салалық ведом­стволардан арнайы өкіл­дер шақырылып, байөлкелік қан­дастарымызды алаңдатып отырған әлеуметтік жағдай талқыланды.

    Осы орайда, Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы Төр­ағасының бірінші орын­ба­сарының кеңесшісі Мұхит Из­банов, алыстағы қан­дас­тар­дың саяси және әлеуметтік мәсе­лесіне бейжай қарауға тиіс емеспіз дегенді жиын­ға қа­тысушы ведомство өкіл­де­ріне ескерте отырып, бұл ту­ралы өткен жазда ұйым­дас­ты­рылған Дүниежүзі қазақ­та­рының V құрылтайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қан­дастарымызға мемлекет пен қоғам тарапынан жан-жақ­ты қолдау мен көмек көр­сетуді тап­сырғанын атап айтты.

    Басқосу үстінде қандас­та­ры­мызға қатысты әлеуметтік мәсе­­лелермен айналысушы бас­­ты мекеме Еңбек және х­а­­лық­­ты әлеуметтік қорғау ми­­ни­с- трлігінің өкілі Руслан Тлеу­ба­ев мырза сөз алып, шеттен кел­ген бауырлар «Оралман куә­лі­гін» алған сәттен бас­тап, қа­зақ­стандық азаматтар­мен бір­дей әлеуметтік сұраныстарға иелік етуге тең құқылы екен­ді­гін жеткізіп, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Үкіметінің 2016 жыл­ғы 18 ақпандағы №83 қау­лысына сәйкес оралмандар­ды қоныс­тандыру үшін арна­йы өңірлер айқындалғанын, мұн­дай мәртебеге Ақмола, Шы­ғыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары ие болғандығын, сол себепті бұл өңірлерге қо­н­ыс­танған оралмандарға тө­мен­дегідей мемлекеттік қолдау ша­ралары ретінде субсидия қа­рас­тырылғандығын атап өтті:

    1. Қоныс аударған отба­сы­ның әрбір мүшесіне біржолғы төлем 35 АЕК (84,2 мың теңге) беріледі;

    2. Тұрғын үй жалдау және коммуналдық қызметтерге ке­тетін шығындарын жабу үшін әр­бір жалдаушы отбасына 12 айдың көлемінде 15-тен 30 АЕК-ке (36,1 — 72,1 мың тең­ге аралығы) дейін қаржы тө­ленеді;

    3. 2018 жылдан бастап өңір­аралық қоныс аударуға жәрдем көр­сететін жұмыс берушіге 450 АЕК мөлшерінде суб­си­дия­лар беріледі және де бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 100 АЕК-ке дейінгі мөлшерде ұсынылады.

    Яғни жоғарыда атап өтіл­ген әлеуметтік-құқықтық көр­сет­кіштерді пайдалануға оралман қандастар толық құқылы деген сөз.

    Жиын барысында қандас­тарымызға қатысты әлеуметтік мәсе­лелердің сыртында, шет­елдегі қазақ жастарының Қазақ­станда білім алу жайы, соны­мен қатар басқа мемлекет­те оқыған жеке тұлғаның ма­манд­ық дипломын отандық стан­дартқа сәйкестіру ісі, сон­дай-ақ қоныстанушыларға кәсіп­тік деңгейде білім берудің қажет­тілігі т.б. сөз болып, бұлар­дың кейбірі сол жерде шешімін тапты.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.