• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Қараша 10, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Айғақ»: ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаевтың Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясындағы мәлімдемелері мен тапсырмалары

02.04.2018
0

— Экспорттық әлеует, субсидиялау, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге инвестициялар тарту, АӨК-ті технологиялық жаңғырту, етті мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамыту мәселелерін шешу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды  тапсырды;

—  Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені перспективалық болашаққа ие екенін атап өтті. Еліміз көптеген позициялар бойынша әлемдегі аграрлық экспорттық өнімдер шығаратын ірі өндірушілердің бірі бола алады. Осы мақсатта АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда; ветеринариялық қызметтің бағыныштылығын қалпына келтіруді, бизнестің ғылыми зерттеулерге қатысуын ынталандыруды, өнім дайындау ұйымдарын субсидиялауды қарастыратын заң жобасы ұсынылды; экспортқа бағдарланған кәсіпорындардың пайдасы үшін субсидиялау саясаты қайта қаралып жатыр;

— Президенттің «Шағын несие беруді көбейту» атты төртінші әлеуметтік бастамасы аясында аграрлық қызметкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашылып жатыр. Шағын несие беруді қаржыландыруға 20 млрд теңге бағытталды. Бұл өз бизнесін бастауды көздеп жүрген азаматтарға ұсынылатын үлкен қолдау болады;

— Ауруларды басқару бағдарламаларын цифрландыру және әзірлеу, ауруларды емдеуден уақытылы аурулардың алдын-алуға көшу, міндетті медициналық сақтандыруды енгізу, кадрларды даярлау, денсаулық сақтау нарығын ырықтандыру және жекеменшік ұйымдардың әкімшілік кедергілерін азайту, инвестициялар тарту, инфрақұрылымды жетілдіру және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуды тапсырды;

— Үкімет денсаулық сақтау жүйесін дамытудың өзекті мәселелерінің барлығын ерекше бақылауда ұстап отырғанын атап өтті. 2017 жылы жеке секторға қойылатын шектеулер 1,7 есе жойылды. Бұл денсаулық сақтау саласына салынатын жеке инвестицияларды екі есеге — 44,2 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға жол ашады. МӘМС жүйесін енгізу бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда: заңнамалық база құрылды, өткен жылдан бастап қор жұмыс істей бастады, жұмыс берушілер ақша аударымдарын жүргізіп жатыр;

— Президенттің бес әлеуметтік бастамасы аясында беріліп жатқан мүмкіндіктерге назар аударды. Бұл — тиімді шарттар бойынша тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік беретін «7–20–25» жаңа ипотекалық бағдарламасы, және халықтың жекелеген топтарына 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық жүктемесінің 10 есеге – 1%-ке дейін төмендеуі;

-«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында қабылданып жатқан шаралар инженерлік-техникалық қызметкерлердің жаңа буынын қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл, өз кезегінде, жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтуға және «білімділердің жылыстауына» қатысты мәселелерді шешуге жол ашады;

-Жастар үшін білім алудың қолжетімді болуы айрықша маңызға ие. Президент «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» үшінші әлеуметтік бастамасы аясында жыл сайын бөлінетін 54 мыңға қосымша 20 мың грант бөлу туралы шешім қабылдады. Олардың 11 мыңы — Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында сұранысы арта түсетін техникалық мамандықтарға бөлінген;

-Студенттік инфрақұрылымды жетілдіру бағытында Үкімет жатақханаларда 75 мың орын дайындау бойынша жұмыстар атқаруда. Бүгінгі таңда 205 мыңға жуық студент басқа қалалардан келіп оқиды, олардың тек 67 мыңы жатақханаларға орналастырылған;

-АӨК, инвестициялар тарту, экономиканың негізгі салаларын, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, индустрияландыру, технологиялық жаңғырту және Индустрия 4.0 элементтерін енгізу, цифрландыру, жаңа жұмыс орындарын құру секілді бағыттардағы мәселелерді шешуді  тапсырды;

-ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өткен жылы Мемлекет басшысының өсудің жаңа моделін қалыптастыру жөніндегі міндеттерін іске асыру үшін жобалық басқару жүйесі енгізілгенін атап өтті. Экономиканы дамытудың барлық маңызды бағыттары бойынша жобалардың портфелі құрылды. Әрбір жоба бойынша мақсатты индикаторлар мен жауапты тұлғалар бекітілді, жобаларды іске асырудың нақты нәтижелері мен орындалу мерзімдері көрсетілген егжей-тегжейлі жоспарлары әзірленді;

-Кәсіпкерлікті дамыту Үкіметтің еліміздің экономикалық өсуінің жаңа моделін құрудағы негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Бүгінгі таңда кәсіпкерлік ахуалын жақсарту мен ШОБ субъектілерінің іскерлік белсенділігін ынталандыру бойынша жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға серпін беру Президенттің бес әлеуметтік бастамасы аясында шағын несие беруді көбейтуге жол ашады.Осы орайда мемлекеттік органдарға бизнес-қауымдастықпен ұйымдасқан түрде жұмыстар атқару қажеттілігі атап өтілді. Жобалық басқару жұмыстарының аясында бизнеске мемлекеттік органдарға өз ұсыныстарын тез арада жеткізуге мүмкіндік жасалды;

—Болашақ мамандықтары бойынша мамандарды даярлау және қайта даярлау, техникалық мамандықтарға арналған гранттарды көбейту, еңбек нарығындағы өзгерістерді және цифрландыру мен автоматтандыруды ескере отырып, қажетті дағдыларды үйрету, кәсіпкерлік қызметке шағын несие беру тетіктері, үштілді білім беру мен қосарлы оқыту жүйесін енгізу, сондай-ақ жатақханамен қамтамасыз ету мәселелерге назар аударды.

Айдар Дидар.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Айғақ медиа
07.11.2025
0

 Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

Айғақ медиа
21.10.2025
0

  Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.