Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Айғақ: Үкімет басшысының Оңтүстік өңіріне жұмыс сапарының мақсаты
    Жаңалықтар

    Айғақ: Үкімет басшысының Оңтүстік өңіріне жұмыс сапарының мақсаты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа02.04.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Елбасының тапсырмасымен 28 наурыз күні ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысында болды. Бақытжан Сағынтаевтың негізгі мақсаты — Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік, Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері Жолдаулары мен Президенттің бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылу барысымен танысу.

    Үкімет басшысы Сарыағаш ауданының аграрлық кәсіпорындары: «КелесПласт» ЖШС полиэтиленді жабындар шығаратын цехы мен «Жабай ата» ЖШС жылыжай шаруашылығының жұмысымен танысты. Өңірдің фермерлерімен кездесу өткізді. Онда АӨК жаңғырту мәселелері талқыланды.

    Сонымен қатар ол Өзбекстанмен шекарада орналасқан «Жібек жолы» халықаралық бақылау–өткізу бекетінде болды.

    Шымкент қаласының «Shymkent City» шағын ауданының салынып жатқан нысандарында болып, «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасының өңірде іске асырылу қарқынымен танысты.

    «Оңтүстік» индустриалды аймағы аумағындағы «Shymkent Temir» оңтүстік өңірдегі болат блюм шығаратын алғашқы қазақстандық кәсіпорында болды.

    Шымкенттегі облыстық клиникалық ауруханасында өңірдің денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесу өткізгеннен кейін ОҚО мемлекеттік педагогикалық университетінің «Студенттер үйіне» барды.

    Облыста орналасқан жоғарғы және арнайы орта оқу мен колледждердің басшылығымен және студенттерімен кездесу кезінде жоғары білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, студенттердің жатақханадағы жағдайларын жақсартудың жаңа құралдары талқыланды.

    Сондай-ақ, Б.Сағынтаев облыс активімен және бизнес орта өкілдерімен  индустрияландыру, цифрландыру, технологиялық жаңғырту және Индустрия 4.0 бағыттары бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша кездесу өткізді.

    Айдар Дидар.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.