Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекаға ай сайын қанша төленетіні белгілі болды
    Жаңалықтар

    «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекаға ай сайын қанша төленетіні белгілі болды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа02.04.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Жаңа «7-20-25» бағдарламасы бойынша төлемдер құнының қандай болатыны айтылды, деп хабарлайды egemen.kz.

    Қазақстан Президентінің «Бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру тақырыбы талқыланған дөңгелек үстелде Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов жаңа «7-20-25» бағдарламасының артықшылықтарын мысалдармен келтіріп, айтып берді.

    «Мысалы, пәтер 12 миллион теңге тұратын болса, оның алдын ала төлемін (20 пайыз) төлеу үшін 2,4 миллион теңге қажет болады, ал қалған 9,6 миллион теңгені банк 25 жылға 7 пайызбен береді. Сөйтіп, ай сайынғы төлемнің көлемі 68 мың теңге болады», деді Мархабат Жайымбетов.

    Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляковтың айтуынша, екінші деңгейлі банктердің барлығы бұл жобаға қатысатын болады.

    Бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «7-20-25» атты жаңа бағдарламаны ұсынған болатын. Бұл бағдарлама кез келген қазақстандықтың несиеге пәтер алуына мүмкіндік береді. «7-20-25» ипотекалық кредит беру бағдарламасы биыл мамырда бекітіледі деп жоспарланып отыр.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.