7kun.kz: 2014 жылдан бері іздеуде болған «Тәуелсіз кәсіпкерлер ассоциациясының» төрағасы Талғат Акуов ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында Акуов Қарағандыда ұсталған және тергеу шараларын жүргізу үшін Алматыға жеткізілген.
«Алматы полициясы Акуовтан зардап шеккен азаматттардан Алматы қалалық Ішкі істер департаменті Тергеу басқармасына арыз жазуларын немесе мына нөмірлер бойынша хабарласуын сұрайды: 254-41-15 және 8-705-555-53-44», – деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін бернеше бизнесмен Акуовты Қарағанды облысында демалыс аймағын салу үшін салған ақшамызды қайтармай, қашып жүр деп айыптаған еді. Олардың арасында пәтерін сатып, жүз мың долларға жуық инвестиция салған адамдар бар.