Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Бақытжан Сағынтаев: Жаңа экономикаға жаңа кадрларды даярлау қажет
    Жаңалықтар

    Бақытжан Сағынтаев: Жаңа экономикаға жаңа кадрларды даярлау қажет

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа30.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Премьер-Министр өңірге жасаған сапары барысында «Оңтүстік» индустриалды аймағына барды. Бақытжан Сағынтаев «Шымкент Темір» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Болат шығарарумен айналысатын кәсіпорынның құрылысы өткен жылы басталған. Сәуір айында іске қосылатын жобаға 5 млрдтан аса инвестиция тартылыпты. Оңтүстіктегі ірі өндіріс үзіліссіз қызмет атқара алатын қондырғымен де жабдықталған. Үкімет басшысына  бұдан бөлек Индустрияландыру картасы аясында іске асып жатқан 20 жоба да таныстырылды. Жалпы Оңтүстікте 2019 жылға дейін құны 1,3 трлн теңгені құрайтын 137 жоба жүзеге аспақ. Нәтижесінде  18  мыңға жуық жұмыс орындары ашылады. Ал Премьер –министр танысқан болат зауыты толық қуаттылыққа шықса, 600 азаматты еңбекпен қамти алады екен. Алайда мұндай ірі кәсіпорынға әлбетте керекті мамандар әлі де шет елден алынады.

    7888

    22222

    777

    Жаңа экономика жаңа кадр, жаңа мамандықтарды игеру еліміз үшін керек дүние. Елбасының жолдауы да бұл бағытта жол тауып шығуға жетелейді. Кезекте жастармен кездескен Үкімет басшысы мен министрлердің баяндамалары дәл осы бағытта болды. Цифрлық жүйе, автоматтандыру кезеңіне өткенде кейбір мамандықтардың керексіз болып қалуы да ғажап емес. Сондықтан көш ілгері керекті кадрларды даярлау мен білікті мамандарды оқытуды қолға алу керек.

    1111

    03030

    7024545

    Себебі статистикаға сенсек бүгінде жастардың 70-пайызға жуығы гуманитарлық саланың түлектері екен. Ал жаңа технологияның кезеңіне қадам басқанда тапшылықтың сезілетіні жасырын емес. Бұл тұрғыда оқу орындары мен кәсіпорын байланысын қалыптастыратын ұсыныс та айтылды.
    Оңтүстікте жалпы 11 жоғарғы оқу орыны, оның үшеуі ,ал  94 колледждің 42 мемлекеттік болып табылады. Республика бойынша студенттер санынан екінші орындамыз. Мемлекеттік тапсырыспен оқытуға үкімет  Республика бойынша   107 млрд теңгені шығындаса, оның 12-млрд теңгесі түстік өңірге тиесілі екен.

    75050

    888080808

    lyilapap

    5454545454

    Басқосуда Мемлекет басшысының жолдауындағы нақты тапсырма жатақхана мәселесі де сөз болды. Бүгінде өңірде 80 мыңға жуық  студент бар. Тиісінше жатақханаға деген сұраныстың бар екендігі белгілі. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев бұл тұрғыда барлық оқу орындары Елбасы тапсырмасын орындауы тиіс деп атап өтті. Және жастарды бұл істің жүзеге асуын бақылауға шақырды.

    8784545455

    6026066

    5454545496696
    Жастар елдің болашағы. Дұрыс бағытта білім алып, кәсіппен, жаңа экономикаға ілесе білген шәкірттер келешектің жемісті болуына үлес қоспақ. Премьер-Министр кездесуде студенттердің пікірі мен ұсыныстарын да тыңдады.

    ybprblyprprp

     

    Жалпы жиында Оңтүстіктен еңбек күшін солтүстікке тарту,ауылшаруашылыққа бейім аймақтың азаматтарын сол саланың білікті маманы етіп дайындау мәселелері де айтылды. Сөз соңында Бақытжан Сағынтаев студенттерді сапалы білім алып, керек кәсіптің көзін табуға үндеді. Айта кетейік енді Үкімет басшысы мен министрлердің  сапары көрші Қызылорда облысында жалғаспақ.

    Жомарт БЕГІМБЕТ.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.