Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Г.Әбдіқалықова «Жас Отан» жастар қанатының IV съезі аясындағы «Жаңа әлемге жол саламыз» гала-форумына қатысты
    Жаңалықтар

    Г.Әбдіқалықова «Жас Отан» жастар қанатының IV съезі аясындағы «Жаңа әлемге жол саламыз» гала-форумына қатысты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа30.03.2018Updated:30.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Гала-форумға 1500-ден астам жастар өкілдері, сондай-ақ Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар мен «Нұр Отан» партиясының басшылығы және қалың жұртшылық қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

    Форумды ашқан Гүлшара Әбдіқалықова Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құттықтау сөзін оқып берді.

    Онда «Жас Отан» Мемлекет басшысының барлық бастамалары мен стратегиялық жоспарларының сенімді тірегіне айналғаны, бұл  беделді ұйым мыңдаған білімді де белсенді жастардың, Қазақстанның нағыз патриоттарының басын біріктіріп отырғаны атап өтілген.

    Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап жастар мәселесі мемлекеттің ұдайы назарында. Қазір бүкіл әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне қадам басты. Ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізу үшін елде саяси, экономикалық, рухани және әлеуметтік жаңғырулар қолға алынды. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалада ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы айтылып, таяу жылдарда  қолға алуды қажет ететін міндеттерге ерекше назар аударылды. Олар: латын әліпбиіне көшу, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы, үш тілде білім беру және т.б. Бұл үшін сапалы білім беруге және біліктілігі жоғары жас мамандар даярлауға ерекше көңіл бөлу керек. «Жаңа әлемге жол саламыз» деген съезд атауы Қазақстан жастарының жаңа білім мен инновацияға деген ұмтылысын аңғартады.

    Президент жастарды жан-жақты дамуға – спортпен, өнермен айналысуға, шет тілдерін үйренуге, отандық және әлемдік әдебиеттің бай мұрасын танып-білуге, ең бастысы, әлемдік деңгейдегі кәсіби маман болуға шақырды.

    Съезд алғаш рет VR (virtual reality) форматында көрсетілді. Бұл технология кез келген Интернет пайдаланушысына залдағы көріністің барлығын 360 градус айналасында көруіне мүмкіндік береді.

    «Рухани жаңғыру», «Цифрлық Қазақстан», «Қазақстанда жасалған», «Білім. Ғылым. Инновация», «Саламатты ұлт» тәрізді 5 секциялық бағыт бойынша тақырыптық жобалар әзірленді.

     «Жас Отан» жастар қанатының IV съезі сананы жаңғыртуға және Қазақстан жастарының жаһандық бәсекеге қабілетті болуына бағытталған жастар саясатының жаңа форматы аясында өткізілді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.