30 наурыздан 1 сәуірге дейін Қазақстанның екі аймағындағы өзендерде су тасқыны күтілуде, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«30 наурыздан 1 сәуірге дейін Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының өзендерінде су тасқыны, бөктерлерден су ағынын қалыптасуы күтілуде», — делінген жұмада таратылған хабарламада.
Жоғарыда айтылғандай, бұл жоғары температура мен жауын-шашын мол жауады деген болжаммен байланысты.
ҚазТАГ.