Субсидиялардың тиімдігі мен экспортты дамыту: Бақытжан Сағынтаев ОҚО ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесті

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында «Сарыағаш жер сыйы» көшеттерді өсіру тәлімбағын аралағаннан кейін АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасы мен Президенттің «Шағын несие беруді көбейту» төртінші әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кездесу барысында ауыл шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, экспорттық әлеует, субсидиялау, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге инвестициялар тарту, АӨК-ті технологиялық жаңғырту, етті мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамыту мәселелері қаралды.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені перспективалық болашаққа ие екенін атап өтті. Еліміз көптеген позициялар бойынша әлемдегі аграрлық экспорттық өнімдер шығаратын ірі өндірушілердің бірі бола алады. Осы мақсатта Үкімет барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр: АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда; ветеринариялық қызметтің бағыныштылығын қалпына келтіруді, бизнестің ғылыми зерттеулерге қатысуын ынталандыруды, өнім дайындау ұйымдарын субсидиялауды қарастыратын заң жобасы ұсынылды; экспортқа бағдарланған кәсіпорындардың пайдасы үшін субсидиялау саясаты қайта қаралып жатыр.

Президенттің «Шағын несие беруді көбейту» атты төртінші әлеуметтік бастамасы аясында аграрлық қызметкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашылып жатыр. Шағын несие беруді қаржыландыруға 20 млрд теңге бағытталды. Бұл өз бизнесін бастауды көздеп жүрген азаматтарға ұсынылатын үлкен қолдау болады.

Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі А. Евниев Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы мен Мемлекет басшысының «Шағын несие беруді көбейту» төртінші әлеуметтік бастамасын іске асыру барысы мен фермерлердің мүмкіндіктері туралы баяндады.

Сондай-ақ, талқылау барысында «Ордабасы құс» ЖШС директоры М. Тағаев, «Сарыағаш жер сыйы» ЖШС директоры Т. Шыңтасов, «Нұралы жол» шаруа қожалығының төрағасы Е. Ералиев, Жылыжайлар қауымдастығының төрағасы М. Снабаев пікір білдірді.

Кездесу барысында айтылған ұсыныстарды Ауыл шаруашылығы министрлігі мен тиісті мемлекеттік органдар егжей-тегжейлі қарастыратын болады.

Ұқсас жазбалар

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық...

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...