ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ОҚО-дағы «Жібек жолы» кеден бекетінің жұмысымен танысты

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жоспардағы бағдарламадан тыс, Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» кеден бекетінде болды.

Халықаралық бақылау–өткізу бекеті Өзбекстанмен шекарада Жібек жолы кентінде орналасқан. Мұнда екі бағытта шекарадан өтетін адамдар мен көлік құралдарының шекаралық бақылауы жүзеге асырылады.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевқа кеден бекеті арқылы тәулігіне 25 мыңға дейін адам және 100-ге жуық көлік өтетіні туралы айтылды. Сонымен қатар «ҚазЖолСервис» ЖШС басшысы Е. Диқанбаевтың айтуынша, автовокзалдың жаңа ғимаратының салынуы екі ел арасындағы жолаушылар ағынын және жүк тасымалының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Әбдуәлиев БӨБ қызметі, кеден аумағын кеңейту, Сарыағаш ауданының аумағында орналасқан төрт кеден пунктін көріктендіру жұмыстары туралы баяндады.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына барды. Сапардың мақсаты —  Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдаулары мен Бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылу барысымен танысу.

primeminister.kz

Ұқсас жазбалар

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық...

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...