Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қазақстанда қазақ тіліндегі барлық терминдердің мониторингін жүргізу жоспарлануда
    Жаңалықтар

    Қазақстанда қазақ тіліндегі барлық терминдердің мониторингін жүргізу жоспарлануда

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа28.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстанда қазақ тіліндегі барлық терминдердің мониторингін жүргізу жоспарлануда, деп хабарлады ҚазТАГ тілшілері  ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының үкімет отырысында жасаған мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып.

    «Барлық терминдерге тілдік, сапалық, қолданыстық тұрғыдан мониторинг жасауға кірісу жоспарлануда. Сонымен қатар, осы жұмысты атқару барысында қазақ тілінің терминжасамдық әлеуеті, халықаралық терминдерді қабылдаудың қағдиаттары да дайындалуда. Ол үшін отандық және шетелдік ғалымдардың терминжасамдық әдістемесі мен әдіснамасы талдануда», — деп хабарлады А. Мұхамедиұлы сейсенбі күні үкімет отырысы барысында.

    Оның айтуынша, 2017 жылы Үкімет жанындағы Республикалық терминология комиссиясы 3000 терминді бекітті және реттелген терминологиялық қордың жалпы саны 21 мыңды құрады.

    Еске салсақ, 15 ақпанда ҚазТАГ ХАА Қазақстан үкіметінің 2018 жылы мемлекеттік тілдегі терминдер қоры туралы ғылыми бағдарлама әзірлеу мүмкіндігі қарастырылып жатқанын мәлімдеген болатын. ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев нақтылағандай, осы бағдарлама аясында ұлттық әліпбидегі кіріктірілген терминдердің транслитерациясы мен транскрипция қағидаларын әзірлеу қарастырылған, сонымен қатар кем дегенде 2 терминдер анықтамалығын шығару да жоспарланған. Алайда аталмыш бағдарлама терминология саласындағы барлық аспектіні ескермейтіндіктен ҚР білім және ғылым министрлігі мемлекеттік тапсырыс аясында 2018 жылы «ҚР мемлекеттік тіліндегі терминология қоры: интеграция, жаңғырту, стандарттау» ғылыми бағдарламасын жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруда.

    Еске салсақ, 10 қаңтарда ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында егер біз қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, оны жөнсіз терминологиямен қиындатпай, қазіргі заманға лайықтауымыз қажет деп мәлімдеген болатын. Алайда, соңғы жылдары әлемде қалыптасқан 7 мың термин қазақ тіліне аударылған. Мұндай «жаңалықтар» кейде күлкіңді келтіреді».

    Президенттің пікірінше, осындай аудармаларды негіздеу тәсілдерін қайта қарастырып, терминология тұрғысынан қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату керек.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.