Қарағанды облысында «Сарыарқа» магистральді газ құбырына 120 елдімекенді қосу көзделуде, деп хабарлады ҚазТАГ агенттік тілшісі.
«Наурыз айының басында мемлекет басшысының тапсырмасына байланысты ҚР энергетика министрлігінде жұмыс тобы құрылды, оның құрамына Қарағанды облысының өкілдері де кірген, «Сарыарқа» магистральді газ құбырының негізгі бөлігі біздің өңірдің аумағынан өтіп жатыр, ол негізінен 820 км», — деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Анатолий Шкарупа.
Оның айтуынша, қазір магистралды газ құбырларын өткізуге арналған жер бөліктерін бөлу мәселесі белсенді түрде қаралуда.
«Біз қазір мерзімдерін үйлестіріп жатырмыз. Ол үшін біз қала және ауданның газ тарату желілерін жобалаймыз. Атап өтерлігі, ол магистральды газ құбыры тас жолы бойынша кезең-кезеңімен 1 млн адамды және 120 елді мекенді қамтуы керек. оған қоса Қарағанды облысында 6 ірі қала бар», — әкім орынбасары.
Ол нақтылағандай, облыстың әр тұрғыны елді мекендер үшін газ тарату желісі жобаланып, құрылысы жүргізілгеннен кейін ғана газға қол жеткізеді.
«Бүгінгі таңдағы біздің міндетіміз – газ тарату желілерінің құрылысын аяқтау, бюджеттеуді, құрылысты, пайдалануға беру, қабылдау мерзімін үйлестіру. «Сарыарқа» магистральді газ құбыры бірнеше кезеңге бөлінген, және Қарағанды облысы аумағында қосыла алатын нысандар – олар ең алдымен Жезқазғандағы, Қарағанды мен Теміртаудағы ГҮЖ. Оларды магистральді газ құбыры құрылысының бірінші кезеңінде екінші кезекпен аяқтайды. (…) Бірінші кезеңнің бірінші кезегі – бұл газды Астанаға дейін жеткізу, ГҮЖ салу, бірінші кезеңнің екінші кезегі – бұл Қарағандыға, Теміртауға бұру», — деп атап өтті әкімнің орынбасары.
«2019 жылы біз газ үйлестіру жүйесін салуды бастауымыз керек. Бұл барлық адамдарды бірден газбен қамтамасыз ете аламыз дегенді білдірмейді. Барлығы бюджетттің қаржылай мүмкіндіктеріне тәуелді болады, себебі ГҮЖ салу өте қымбат. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жылдар бойы газбен қамтылып келген аймақтар әлі де жүз процентке газдандыруға қол жеткізе алмады», — деп атап өтті шенеунік.
Ол баса айтып кеткендей, барлығын бірдей және жаппай газдандыру жүйесімен қамтамасыз ету мүмкін емес.
«Бізде газ құбыры құрамында бастапқыда 3 ГҮЖ жобалары салынады, кейіннен оларға қарай жақын арада орналасқан елдімекендерді газға қосу үшін құбырлар тартылады. Бірден айтамын, Қарағанды мен Теміртауды бірден газбен қамтамасыз ету мүмкін емес, бұл кезең кезеңімен жүзеге асырылады. Бірінші кезекте жүктемесі жоғары орталықтар қамтылады, ол жаққа диаметрі үлкен құбырлар тартылады. Болашақта олардан жан жаққа газ тартылатын болады», — деп түсіндірді А. Шкарупа.
Бұған дейін хабарланғандай, «Сарыарқа» газ құбырында алғашқы түйісті дәнекерлеу 2018 жылдың шілде айына жоспарланған. Бүгінде ұзындығы 1081 км және құны 267 млрд теңге болатын «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Астана» бағыты бойынша газ құбырының бірінші құрылыс кезеңі жасақталуда. Газ құбырының бұл учаскесі Астана, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған мен газ құбыры магистралына жақын орналасқан елді мекенді көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.










