Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Сағынтаев «жазған баяндаманы оқып беретін» ІІМ бірінші орынбасарын сынады
    Жаңалықтар

    Сағынтаев «жазған баяндаманы оқып беретін» ІІМ бірінші орынбасарын сынады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа27.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгінгі Үкімет отырысы еліміздегі су басу қаупін алдын алу және ШҚО облысындағы су тасқыны мәселесін талқылаумен басталды. Ең бірінші болып сөз алған ШҚО әкімі Даниал Ахметов облыста Төтенше жағдайлар департаментінің бірде-бір құрал-жабдығы жоқ екенін айтып, осы мәселені шешуді сұрады. Содан соң ІІМ бірінші орынбасары Жанат Сүлейменовке сөз берілді. Алайда «бұл туралы баяндамамда жоқ» деп жауап берген ол Бақытжан Сағынтаевтың сынына ілікті, деп хабарлайды Baq.kz .

    «Қазіргі уақытта ШҚО-да 430 үй су астында қалып отыр, 326 тұрғын үйден су алынды. Қарағанды облысында су басқан үйлерде толығымен сорып алынды. ШҚО-ға ІІМ жедел тобы жіберілді. Авариялық құтқару және шұғыл жұмыстарға саны 454 адамнан 203 бірлік техникадан тұратын күштер жұмылдырылған», — деді Жанат Сүлейменов.

    Оның баяндамасынан соң Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың сауалына жауап беруін сұрады. ІІМ бірінші орынбасары бұл мәселе бойынша демалыс күні Ұлттық Ұлан ұшағымен ОҚО, Алматы, Павлодар облыстарынан қосымша жеке құрам мен техника жеткізгенін атап өтті.

    «Дұрыс, жоқ болғаннан кейін басқа облыстардан алып отырсыздар ғой. Норма бойынша осынша болу керек, шын мәнінде басқа цифр деп (Даниал Ахметов – авт.) айтып отыр. Өте төмен. Министрлік тарапынан қандай іс-шаралар жасалып отыр?», — деп Премьер-министр сұрағаны сол еді, Жанат Сүлейменов «рұқсат болса, ол туралы менің баяндамамда жоқ» — деп қысқа қайырды.

    Бақытжан Сағынтаев ІІМ бірінші орынбасарының бұл сөзін қатаң сынға алды.

    «Баяндамаңызға жазып берген жоқ па? Сонда сіздер қалай басқарасыздар? Баяндамаға жазып бергенді оқып бересіз, жазбаса жағдайдың не болып жатқанын білмейсіздер. Соңында осындай жағдайға душар боламыз. Техника жоқ, комбинезон жоқ, мотопомпа жоқ, жағдай болса көрші облыстардан сұрап аламыз. Түсінікті», — деді ол.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.