• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Сәуір 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ОҚО мен Өзбекстанның сауда айналымы 622,6 млн АҚШ долларына жетті

27.03.2018
0

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Өзбекстан Республикасынан келген бір топ зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік, іскерлік қарым қарым-қатынас, мәдени ықпалдастық орнату жайын сөз етті. Бізді марқұм Ислам Кәрімовтің ел басқарған кезінен бергі бірегей мәдени-рухани байланыстарымыз бүгінде жалғасын тауып келеді деген облыс әкімі екі ел арасындағы байланыстардың маңыздылығына тоқталды. «Екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік оңтүстіктің қасиетті орындарының бірі — Ордабасыда осыдан 25 жыл бұрын өткен елдік жиында қабылданған «Мәңгілік достық туралы» келісіммен нықталған. Өздеріңізге белгілі биылғы 15 наурызда Астана қаласында Өзбекстанның Қазақстандағы жылы жарияланып, салтанатты жағдайда ашылды. Баршаңызға мәлім, соңғы 1,5 жылдың ішінде Қазақстан мен Өзбекстан арасында достық байланыстар бекіп, жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Бүгіннің өзінде теміржол тасымалы 44 пайызға арттып, тауар айналымы 2 миллиард долларға жетті», — деді Жансейіт Қансейітұлы. Соңғы жылдары қос мемлекеттің басшылары бірнеше мәдени ықпалдастық іскерлік қарым — қатынасын жалғастыру және саяси-экономикалық әріптестікті нығайту мақсатында маңызды кездесулер өткізіп, ортақ саяси шешімдер қабылдағаны белгілі. Соның нәтижесінде Өзбекстан мен Қазақстанның белгілі кәсіпкерлері қатысқан халықаралық бизнес форум өткізіліп, жалпы құны 1,2 млрд. АҚШ долларына тең болған 75 келісімшартқа қол қойылған болатын. Кездесу барысында сөз алған Өзбекстан Республикасы Жазушылар Одағының төрағасы Мұхаммед Әли бауырлас екі ел арасындағы дәнекерлікті нығайту бағытында атқарылып жатқан кешенді іс-шаралардың одан әрі жандана түсетініне сенім білдірді. Өткен жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстанға жасаған жұмыс сапары аясында мемлекетаралық байланысты одан әрі нығайтуға арналған 10 маңызды құжат қабылданса, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен сауда-экономикалық және мәдени гуманитаралық салалардағы ықпалдастықты арттыру бағытында Ташкент, Сырдарья, Жызақ облыстары басшылармен әріптестік меморандумға қол қойылды. Елбасының осы сапары аясында қазақ-өзбек бизнес форумы ұйымдастырылып, оған қос ыелдің 300-ден астам кәсіпкерлері қатысты. Дәл осындай іскерлікті нығайтуға бағытталған іс-шаралар Шымкентте де өтіп, Ташкент қаласы тауарөндірушілерінің көрмесі ұйымдастырылған болатын. Бүгінде Өзбекстан Оңтүстік Қазақстан облысының сауда әріптесі болып табылады. Екежақты тауар айналымы 20,3 пайызды құрайды. 2017 жылы сауда байланысы 11,7 пайызға артып, 622,6 млн АҚШ долларына жетті. Айта кетейік, бүгінде облыстағы 3 миллионға жуық тұрғынның 17 пайызын өзбек этносының өкілдері құрайды. Облыстағы 15 мектепте білім өзбек тілінде білім берілсе, сондай-ақ, аралас тілді 50 мектепте өзбек кластары бар. Сонымен қатар, республикамыздағы жалғыз өзбек драма театрыда осы өңірде орналасқан. Жалпы, облыс аумағында 4 газет өзбек тілінде жарық көрсе, 3 телеарна қазақ – орыс — өзбек тілдерінде хабар таратады. Облыс аумағында Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктерінің «Достық» қауымдастығы мен облыстық өзбек этномәдени бірлестігі және оның аудандық, қалалық 13 филиалы жұмыс істейді. Жуырда ғана Қазақстан мен Өзбекстан арасында көлік-транзит саласындағы ынтымақтастық жанданып, арнайы жүрдек пойыз жолға шықты, жаңа әуе жолы мен автобус бағыттары да іске қосылған болатын. Осының барлығы бауырлас екі ел арасындағы дәнекерлікті нығайту бағытында атқарылып жатқан кешенді іс-шаралардың жарқын көрінісі. Кездесуді қорытқан облыс әкімі өңірде өткізіліп отырған Ә.Темірдің 682 жылдығына арналған ғылыми тәжірибелік конференцияға сәттілік тіледі.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Шымкент қаласында экологиялық жағдайды жақсарту және қалдықты өңдеу жүйесін дамыту жалғасуда. Осы орайда тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мәдениетін...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 500 – ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан) ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Жалпы еліміздегі су тасқыны жағдайы штаттық режимде өтіп жатыр. Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде су тасқынының белсенді кезеңі...

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.