Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Еліме жыр сыйлаған – Наурыз айтысы
    Жаңалықтар

    Еліме жыр сыйлаған – Наурыз айтысы

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа26.03.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қаратау мен Алатаудың арасын ен жайлаған оңтүстік расында айтыстың алтын шаңырағы. Шымкентте Республика көлемінде ұйымдастырылған «Наурыз» ақындар айтысы болып өтті. Айтыс өнері арқылы Наурыз мерекесін дәріптеу, тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін жырға қосу мақсатында еліміздің түкпір-түкпірінен айтыскер ақындар жиналып, көрерменнің ықыласына ие болды. Биылғы аламан айтыс ерекше форматта өтті.  Яғни,  әділдікті таразылайтын әділ-қазылар алқасының болмауы.

     Алдын ала жұпталған 12 ақынның арасынан алғаш болып сахнаға Бекарыс Шойбеков пен  Сырым Әуесхандар шықты. Аға мен інінің сыйластық пейілін көрсете білген ақындар көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

    00037-mts-still001

    Айтыстың екінші жұбы Әсет Бейсебаев пен Анар Жаппарқұлова  айтыс қағидасына сәйкес өзара қалжыңдаса отырып, жыр сүлейлерінің өнегелі өмірін жырға қосты.

    Үшінші болып айтыс сахнасына сарыағаштық Жарқынбек Наушабеков пен Мұрат Имановтар шықты. Елдің мұң мұқтажын жырлардың өзегі етіп, қоғамның айнасына айналған дүлділдер аламан айтыстың көркін қыздырды.

     Көпшіліктің зор ықыласына ие болған ерекше айтысты Сара Тоқтамысова мен Талғат Мықи жасай білді. Көрерменнің көзайымына айналған қос ақын да бәйгеде бір-бірінен қалыспай қатар шапты.

    00139-mts-still001

    Бүгінгі кеште ең тартысты өткен айтыс Айнұр Тұрсынбаева мен Қажымұқан Абзаловтың айтысы болды.

    00177-mts-still001

    Қажымұқан ақын өзінің зіл әзілдерімен Айнұр әпкесінің көңілін де қалдырған тұстары болды. Көрермендердің айтуы бойынша екі ақынның айтыс соңында  қол алыспай  кетуі бүгінгі айтыстың қателігі болды деп есептейді.

    Жансая Елемесова.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.