Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-да Қазақстандағы Өзбекстан жылына арналған халықаралық велошеру өтті
    Жаңалықтар

    ОҚО-да Қазақстандағы Өзбекстан жылына арналған халықаралық велошеру өтті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа25.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    71

    Бүгін Ташкент-Шымкент велошеруінің қатысушылары 130 км қашықтықты артқа тастап Шымкент қаласына келді. Таңғы сағат 10-да Ташкенттің орталығынан велошеру бастау алды. Велосипедшілер «Жібек жолы» кедендік бекетіне жетіп «жасыл дәліз» арқылы өтті. Қазақстан жерінде жүрек жалғап алған қатысушылар, алдағы  100 км қашықтықты жүріп өтуді мақсат етті. Аталған велошеруге қатысуға Қазақстан және Өзбекстан азаматтары өтініш білдірген. Қазақстаннан Алматы, Астана, Тараз және Шымкент қалаларының тұрғындары қатысты. Қатысушылар арасында ең үлкенінің жасы – 60 жаста болса, ең кішкентайы- 11 жаста. Айта  кетейік, қатысушылардың барлығы кәсіпқой велосипедшілер емес. Олардың барлығына арнайы жағдай жасалып, әрбір 25 шақырым сайын жүрек жалғайтын тағамдар ұйымдастырылған шатырлар орналастырылған болатын.

    27

    Велошеруге қатысушылар 130 шақырымды  басып өтіп, кешкі 18:00-де Шымкент қаласының орталығына келіп жетті. Оларды күтіп алған оңтүстікқазақстандықтар зор қошеметпен қарсы алды.

    Сондай-ақ, облыс басшысы «Қазақ пен өзбек – түбі бір туысқан халықтар. Екі елдің арасындағы тарихи қарым-қатынас бұрынғы жібек-жолы кезеңінен байланыс тауып, бауырластық пен достыққа негізделіп келеді. Екі елдің мәдениеті мен салт-дәстүрі, діні, тілі ұқсас. Қазақстан мен Өзбекстан бұл байланысты тәуелсіздік жылдары сақтап қана қоймай, нығайтып, жаңа деңгейге көтеруде. Өзбекстан Президентінің Қазақстанға жұмыс сапары аясында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Шавкат Мирзиёевпен кездесті. Кездесуде өзбек көшбасшысының биылғы наурыз айындағы мемлекеттік сапары барысында екі ел арасында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу мәселелері талқыланды. Кездесу нәтижесінде 2018 жылы Қазақстан Республикасындағы Өзбекстан жылы болып жариялануына байланысты, екі елдің достастығын арттыру үшін бүгін халықаралық велошеруі ұйымдастырылып,  өз мәресіне жетіп отыр. 130 шақырымды құрайтын бүгінгі бұқаралық спорттық іс-шараға қатысушылар қала тұрғындарына үлгі болып, жастарымыздың спортқа деген қызығушылығының артатынына сенімдімін» ,- деді межеге жеткен велошерушілерді күтіп алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев. Сондай-ақ шара барысында бірқатар қатысушыларды  дипломмен марапаттады.

    34

    Халықаралық велошеруге Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті Райымбек Батталов бастаған қонақтар да қатысты.

     

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.