Наурыз мерекесін атап өту барысында облыс орталығында əуе шарларының халықаралық алғашқы «Ашық аспан» фестивалі өтті. Бағдарламада Қазақстан, Украина, Ресей, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан мен басқа елдердің өкілдері əуе шарларын ұшырды. Аспан көгіне ұзын-саны 15 аэростат ұшырылды.
Мереке қонақтарына тəжірибелі пилоттар шарды əуеде бағыттау бойынша шеберлік-сабақтарын көрсетіп, ұтыс ойындары ойнатылды. Флешмобтар мен фотосессия ұйымдастырылды.
Ал кешке қала тұрғындары белгілі «Moldanazar» тобының қатысуымен болатын концертті тамашалай алады.