Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Білім»50 түрлі робот ойлап тапқан қазақстандық оқушы
    Білім

    50 түрлі робот ойлап тапқан қазақстандық оқушы

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа24.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    16 жасында-ақ «Жылдам есептеу әдістемесін» жүзеге асырған жас өнертапқыш Тимур Рыспеков былтыр «Қазақстанның 100 жаңа есімінің» қатарынан көрінді. Ол 50- ге жуық робот ойлап тапқан, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

    24.kz арнасының мәліметіне қарағанда, жас ғалым мұнымен шектеліп қалғысы келмейді.

    Қаршадайынан ерекше қарым-қабілетімен көзге түскен Тимур Рыспеков 6-сыныпты оқып жүргенде-ақ физика мен математика және информатика пәндерін бес саусақтай білген.

    Айрықша дарынды бала әртүрлі роботтар ойлап тауып, талайларды таңдай қақтырды. Тимурдың қазіргі таңда 50 ге жуық әртүрі жобасы бар. Оның 28-іне патент иеленген. Жас өнертапқыштың соңғы ойлап тапқан жұмысы – қоршаған ортаны талдауға арналған робот.

    «Роботтың кейбір бөлшектеріне мен әлеуметтік желі арқылы тапсырыс берем. Ал кейбіреуін базарлардан сатып аламын. Бұрын барлық жобаларды тек өзім ғана жасайтынмын. Қазір бірнеше адам бірлесіп істейміз. Мысалы, досым Данил Шестополовқа үйретіп жүрмін» — дейді Мәншүк Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейдің оқушысы Тимур Рыспеков.

    Зерек баланың зерттеп жүрген жұмыстарын жоғары бағалаған канадалық мамандар 2016 жылы Тимурды оқуға шақырады. Физика, математика және химия ғылымына бар зейні ауған Рыспеков сол елдегі тау кен өнеркәсібінде жұмыс жасап, тәжірибесін толықтырыпты. Дарынды жерлесіміз Канададағы ең үздік 25 жас математиктің қатарына ілікті.

    «Тимур үлкен ақпарат орталығын ашуды армандайды. Оның бұл ойы жүзеге асады деп ойлаймын. Өйткені ол өте білімді және ақылды. Кез келген адаммен тіл табыса алады. Біздің мектепте робот техникалық үйірме бар. Бастауыш сыныптан бастап жоғарғы сыныптардың оқушылары Тимурға қарап еліктейді. Ол білгенін өзгелерге де үйретіп жүр» — дейді Мәншүк Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейдің директоры Айсұлу Медетбекова.

    Тимур қазір 9-сыныпта оқиды. Қолы қалт ете қалғанда әлемдегі айтулы университтерден онлайн арқылы дәріс алады. Оның роботтарына қызығушылық танытып отырған халықаралық компаниялар көп. Жас ғалым болашақта да теңдессіз роботтар жасағысы келеді.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.