Астана ресейлік туристер арасында танымал қалалар үштігіне кірді. Қазақстанның елордасымен қатар, Минск пен Ереван да көктемгі мектеп демалысы отбасылық тынығу үшін қолайлы қала ретінде танылған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ресейлік ақпарат көздеріне сілтеме жасап.
Tvil.ru атты баспана броньдаудың ресейлік сервисі көктемгі каникул кезінде балалармен бірге саяхатқа шығу үшін ең танымал ТМД қалаларын анықтады. Зерттеу нәтижесі бойынша Қазақстанның бас қаласы алғашқы үштікке кірген.
Рейтинг алдағы 24 наурыз бен 1 сәуір аралығындағы мектеп демалысы кезінде қонақ үйлер мен пәтерлерге сұраныс пен броньдауға жасалған талдауды басшылыққа ала отырып орындалған. Бұл үздік бестіктің ішіне Минск, Астана, Ереван, Тбилиси мен Баку кіріп отыр.
Tvil.ru мәліметі бойынша, Астанада көктем мезгілінде туристер баспананы әдетте орташа есеппен 2,5 түнге броньдап, тәулігіне шамамен 17 мың теңге төлейді. Ал алғашқы бестіктің ішіндегі баспанасы ең арзан қала – Тбилиси болып отыр.