Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Ұлыстың Ұлы күні Шымкентте тойланды
    Жаңалықтар

    Ұлыстың Ұлы күні Шымкентте тойланды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа22.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Құшағына қаланың барша қауымын сыйдырған Жайлаукөлде бүгін ұлан асыр той. Наурыз көктем! Наурыз – думан. Даланы дүбірлетіп ән мен күйге бөлеген жарқын көңілдің лебі еседі мұнда. Бәйдібек би ескерткішінен бастау алған мерекелік шара саябақты саялай өтіп, Жайлаукөлмен жапсарлас жатқан Зообақ бар, Дендропаркті айнала сауық құрған халықты көресіз. Күн райының қарасып тұрғандығы жүректегі жылулықпен ұштасып жатты. Қауым елдің ауызбіршілігі мен ырыс-ынтымағының келісті келбеті бұл. Қариялардың төрден орын алып, жастардың жымия тілдесуі Ұлыстың ұлы күнінің ажарын аша түсті. Ұлттық дәстүр де ұлықталды. Қарбаласқан қалың тіршілік ортасында әкімдік қойған концерттік бағдарлама айтулы шараның шырайын кіргізді.

    29496572_1594338380682495_1952266260431503360_o

    Таңертеңнен игі істің бастамашысы болған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ел ағаларымен бірге арбат есебінде қайта жаңартылған Шымкенттегі Бекет батыр көшесінде шырша отырғызып, қаламызды жасылдандыруға тағы бір қадам жасады. Содан кейін ғана, қауым жұрттың ортасынан табылды.

    «Ат ер қанаты» демекші Әз-Наурыз Шымкент қаласындағы атшабар алаңындағы ұлттық ойындарымыздан бастау алды. Бағзы заманнан қазақтың қанына сіңген ойындарымыз бәйге, қыз қу, бүркіттердің жарысы сынды сайыстар игі шараның көркін қыздырды.  Жүйрік тазысын баптап сәйгүлігін сайлап келген қазақ жігіттеріне қызыққан Облыс әкімі жансейіт Түймебаев ат спортын одан әрі дамыту керектігін атап өтті.

    Қаламыздағы атшабар алаңында ұйымдастырылған жарыстың өзіндік ерекшелігі де бар. Мәселен өткен ғасырлардағы түркі тектес тайпа – ұлыстарда соның ішінде қазақтарда кең тараған спорттық «Шеген» ойыны алғаш рет өз жалауын көтерді. Аса шеберлікті қажет ететін бұл сайыс түрі қазақ халқының ұлттық ойыны саналған. Өкінішке орай бұл ойын түрі бүгінде ұмыт қалыпты. Дәстүрімізді дәріптеп, салтымызды сақтап, мәдени астана аталған Шымшаһарымызда бұл сайыс  түрі алғаш рет ойнатылып,  көпке көзайым болды. Әрине бұл қуантарлық жайт.

    29511036_1594338474015819_7276651266397175808_o

    Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған жарыстың соңы жеңімпаздарды марапаттаумен жалғасты.  Әр сайыстан жүзден жүйрік шығып тұғырдың төрінен көрінген жеңімпаздардың жүлде қорыда қомақты болды. Жігіттің ептілігі мен тұлпардың жүйріктігі сыналатын бәйгеде бас жүлдені Жеңіс Тоғзақбаев  темір тұлпар мен 500 мың теңгені қанжығасына байлады. Ежелден жаңартудың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Ұлыстың ұлы күнінде кешірім сұрау ләзім. Ренжіскен жандардың қайта татуласып, сәлемін түзеуі мерекенің жазылмаған заңдылығы. Міне, ата-баба аманаттаған асыл мұралармен астасып жатқан айбынды күннің қасиеті бұл. Санамызға нұр боп сіңген құндылықтарды насихаттауды Елбасы «Рухани жаңғыру» арқылы халыққа міндеттеді.

    29541706_1594341267348873_300497399749541888_o29511833_1594341330682200_2589585943405002752_o

    Дәстүр бойынша марапат иелері сахна төрінен көрінді. Жай ғана құттықтау емес, «Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматтары» салтанатты түрде бүгін құрметті атақтың иесі болды. 2018 жылдың 10 қаңтарында  бекітілген Облыс мәслихатының шешіміне сәйкес 30 шақты азаматтың аты аталды. Әр салада өзіндік қолтаңбасы бар ел ағаларының өмір жолы ұрпаққа өнеге.

    http://aigak.kz/wp-content/uploads/2018/03/PQIK7679.mp4
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.