Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Нұрлан Ерімбетов өмірден озды
    Жаңалықтар

    Нұрлан Ерімбетов өмірден озды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа21.03.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
    «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ омбудсмені Нұрлан Ерімбетов қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
    Ерімбетовтің қайтыс болғанын қордың баспасөз қызметі растады. «Иә, амал не, бүгін сағат 9.30-да қайтыс болды», — деді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Сергей Куянов.
    Ерімбетовтің неден қайтыс болғаны әзірше белгісіз. Алайда, Куяновтың айтуына қарағанда, ол бұған дейін жүрегі ауырып, екі рет ауруханаға жатқызылған. Нұрлан Ерімбетов 58 жасында дүниеден озды. Өмірінің соңғы жылдарында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ омбудсмені болды.
    Саясаттанушы, қоғам қайраткері Ерімбетов 2012 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік Қоғамы жанындағы «Әлеуметтік әріптестік орталығы» КҚ-ның бас директоры, 2013 жылдан бастап «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті болды.
    Нұрлан Кенжебекұлы Ерімбетов 1960 жылы 28 мамырда дүниеге келген. 1979-1983 жылдары Мәскеу мемлекеттік мәдениет институтында оқыған. 1985-1997 жылдары Қызылорда қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда облыстық мәдениет комитеті бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда облыстық мәдениет комитеті төрағасының бірінші орынбасары, ҚазССР Мемлекеттік мәдениет комитетінің басқарма бастығы қызметінде болды. 1997-2004 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2004-2005 жылдары «Отан» партиясы саяси кеңесінің хатшысы болды. 2006 жылдан «Мәдени майдан» қоғамдық бірлестігінің төрағасы қызметін атқарды. 2007-2010 жылдары Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығының атқарушы директоры, «АйтPARK» қоғамдық-саяси интелектуалды клубының негізін қалаушы әрі модераторы болды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.