3 млн теңгенің дәретханасын таныстырған Оңтүстік Қазақстан облысындағы Жетісай қаласының әкімі Байдуалы Базарбаев пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап.
ОҚО Мақтарал ауданының соты Базарбаевты 200 мың теңге пара алғаны үшін айыпты деп танып, 12 млн теңге (алған парасынан 60 есе көп) айыппұл салды. Сот құжаттарына сүйенсек, 125 балаға арналған жергілікті балабақшаның салынуына бюджеттен ақша бөлу жоспарланған.
Тексеру барысында балабақшаға тек 75 бала келіп жүргені белгілі болды. Мекемедегілер қалған 50 бала ауырып жатыр деген түсініктеме берді. Бірақ олар табылмады. Әкім 125 баланың ақшасын аударамын, бірақ оның 500 мың теңгесін өзіне беретінін айтқан. Балабақша басшысымен кездескеннен кейін ол соманы 200 мың теңгеге дейін қысқартады.
Айта кетейік, Байдуалы Базарбаев 200 мың теңге пара алды деп 2018 жылдың 3 наурызында ұсталған болатын.