Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Ресей қазақстандықтарды тіркеу ережесін өзгертеді
    Жаңалықтар

    Ресей қазақстандықтарды тіркеу ережесін өзгертеді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа19.03.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    2018 жылдың 25 мамырынан 25 шілдесіне дейін, Ресейде футболдан Әлем чемпионаты өтуіне байланысты, Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Сочи, Волгоград, Екатеринбург, Калининград, Нижний Новгород, Дондағы Ростов, Самара және Саранск қалаларында шетел азаматтарын тіркеудің ерекше ережелері қолданылады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ресейдегі Елшілігінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    25 мамырдан бастап жоғарыда аталған қалаларға баратын Қазақстан азаматтары бір тәулік ішінде көші-қон жөніндегі жергілікті органда тіркеледі, көші-қон органдары 25 мамырдан 25 шілдеге дейін күшейтілген режимде жұмыс істейді.

    Осы ережелер Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Сочи, Волгоград, Екатеринбург, Калининград, Нижний Новгород, Дондағы Ростов, Самара және Саранск қалаларына барған шетел азаматтарына ғана жүреді, ал елдің басқа өңірлерінде бұрынғы тәртіп сақталады. Яғни РФ-ға 30 күннен аз уақытқа барған Қазақстан азаматтары тіркелуге міндетті емес.

    Қонақүйлерде, санаторийлерде, демалыс үйлері немесе басқа да уақытша орналасу орындарында уақытша тұратын Қазақстан азаматтарының тіркелуіне қабылдаушы тарап (қонақүй, санаторий, т.б. әкімшілігі) жауапты.

    Консулдық округтерге сәйкес, РФ қалаларының аумағындағы ҚР азаматтары мына мекемелерге хабарласуына болады:

    — Мәскеу, Сочи және Дондағы Ростов — Мәскеудегі ҚР Елшілігінің консулдық бөліміне;

    — Санкт-Петербург және Калининград — Санкт-Петербургтегі ҚР Бас консулдығына;

    — Қазан, Екатеринбург, Нижний Новгород және Саранск — Қазандағы ҚР Бас консулдығына;

    — Волгоград және Самара — Астраханьдағы ҚР Консулдығына.

    Дереккөз: inform.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.