Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Вице-министр: Елорданы газбен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылатын болады
    Жаңалықтар

    Вице-министр: Елорданы газбен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылатын болады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа17.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Астанаға тартылатын газбен ең алдымен қаладағы жылыту қазандықтары мен Оңтүстік – Шығыс ауданының тұрғындары қамтылатын боладыдеп хабарлады primeminister.kz сайты энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиевтың  кіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте айтлған сөзіне сілтеме жасай отырып.

    Елбасы бастамасы аясында салынатын «Сарыарқа» магистральді газ құбыры еліміздің орталық және солтүстік өңірлерін газбен қамтамасыз етуді көздейді. Ол «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Теміртау — Астана — Көкшетау — Петропавл» бағыты бойынша жүргізілмек.

    Вице-министрдің айтуынша, Астанаға дейін газ жеткізу энергетика министрлігіне жүктелген. Ал ол газды тарату қала әкімдігінің жауапкершілігіне берілген. Сондықтан бұл жұмыстар бірнеше кезеңге бөлініп отыр. Қазіргі таңда Қарағанды, Ақмола облыстарының және Астана қаласының әкімдіктерімен газ тарату желілерін жобалау және салу жұмыстарын жеделдету міндеті тұр.

    «Бұл жұмыстар басталып жатыр. Келесі жылы магистральді газ құбыры тартылған бойда елорда әкімі оны тарату желілері бірінші кезеңге әзір болады деп сөз берді. Бірінші кезеңде газға жылыту орталықтары көшірілетін болады. Бұл үшін қажетті жобалық құжаттар әзірленді, қала әкімі жылыту қазандықтарын газға қосуға әзір. Екінші кезеңде Астанадағы Оңтүстік Шығыс аталатын ауданға газ тартылады», — деді М. Мырзағалиев.

    Жобаны іске қосу үшін қолданыстағы «Орта Азия — Орталық» магистральді газ құбырының инфрақұрылымы пайдаланылатын болады.

    «Бұл құбыр Бейнеу – Бозой – Шымкент газ құбырына қосылып, оның бойымен Қызылорда облысындағы Қараөзек кен орнына қосылады. Сол Қараөзектен газ Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана бағытына кетеді. Алдымен Астанаға дейін құбыр жүргізіледі. Кейін Көкшетау мен Петропавлға дейін газ тарту қарастырылған», — деді ол.

    Сала басшысының мәліметінше, құбыр тартылатын бағыт бойындағы елді мекендерде 2,7 млн адам тұрады.

    «Тұтыну көлеміне келсек, газ құбыры өзінің максималды жүктемесіне жеткенде, ол жылына 2,5 млн текше метрді құрайды деп шамалаймыз», — деп нақтылады вице-министр.

    М. Мырзағалиев жобаны қаржыландыру көздері мәселесінің әлі пысықталып жатқанын айтты. Бұл орайда, энергетика министрлігінің төрағалығымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған. Қаржы тартуға жауапты болып «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі белгіленген.

    «Бұл жобаны іске асырудағы «Қазтрансгаз» ұлттық компаниясының рөліне келсек, ол газ жеткізу саласындағы ұлттық оператор болып отыр. Сонымен қатар ол газ құбыры бойынша оператор компания болады, бұған «Қазтрансгаздың» магистральді газ құбыры бойынша «Интергаз Орталық Азия» компаниясы тартылады», — деді М. Мырзағалиев.

    Фото: kazgazeta.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.