Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-да «Дұрыс мамандық – жарқын болашақ!» атты жастар форумы өтті
    Жаңалықтар

    ОҚО-да «Дұрыс мамандық – жарқын болашақ!» атты жастар форумы өтті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа16.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі мен Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Назарбаев зияткерлік мектебінде «Дұрыс мамандық – жарқын болашақ!» атты еркін форматта жастар форумы өтті.

    Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткен форумның мақсаты – жастарды болашақ кәсіптерін дұрыс таңдауға бағыттау. Форумға Қаратау ауданы әкімі – Ғ.Мәуленқұлов, «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елдерде білім алған белсенді жастар және аудан аумағына қарасты мектептердің белсенді оқушылары қатысты. Оңтүстік өңірін жандандыру жолында еңбек етіп жүрген азаматтар жастарға еңбек нарығында сұранысы жоғары мамандықтар туралы ақпарат беріп, қатысушы оқушылар ойын мазалап жүрген сұрақтарға жауап алды.

    Адам өмірінде мамандық таңдаудан басқа маңызды іс жоқ. Оңы мен солын танып үлгермеген мектеп оқушылары мамандығын дәл таңдайды деп айтсақ, артық айтқандық болар еді. Сондықтан жастар мамандық таңдауда көбіне ата-аналарымен ақылдасып, бір шешімге келіп жатады. Мұндайда жастарға қандай көмек болса да артықтық етпейтіні ақиқат. Осылайша өз ойларын топшылаған форум қатысушылары өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.

    Асхат Нұрлыбаев, кәсіпкер: «Мен өз мақсатыма жету жолында ешнәрсеге мойымадым. Мектепті ерте аяқтап, Қытайдағы жоғарғы оқу орнына түстім.Ондағы ойым өз қажеттілігіме орай мамандық меңгеріп, елге қызмет ету болатын. Өзім туып-өскен өңірде жұмыс істеп жатырмын. Мамандықты дұрыс таңдау болашақтың алғашқы баспалдағы. «Әйтеуір оқысам болды» деп, өзі қаламаған мамандықты меңгеру алтын уақытты жоғалтқанмен тең. Сондықтан қоғамда өзіңдік орныңды қалыптастырғың келсе, онда алдын ала мақсат қоя білген абзал.

    Қоғам дамып алға озған сайын, өміріміз күрделеніп, күн сайын неше түрлі мамандықтар пайда болып жатыр. Олардың бәрін мектеп бітіруші түлектер білмейді. Осыған орай, біздер бұл ұйымдастырылған іс-шараны іске асыруды қолдадық. Қазіргі таңда жастардың бір маман иесі болып қана қоймай, өзі таңдаған мамандығын жан-тәнімен сүюі де маңызды деп есептеймін. Мамандығына шын берілген жандар кез келген саланың аяққа тұрып, дамуына септесетіні анық.»

    Форумға қатысқан жастар өз мақсаттарына шынайы көзқараспен қарап, көкейлерінде жүрген сұрақтарға нақты жауап алды. Сондай-ақ, айтулы шара алдағы уақытта үздіксіз ұйымдастырылып отырмақ.

    Дереккөз: ontustik.gov.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.