Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Зейнетақы тағайындау «бір өтініш» қағидасы арқылы іске асырылады – вице-министр
    Жаңалықтар

    Зейнетақы тағайындау «бір өтініш» қағидасы арқылы іске асырылады – вице-министр

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа14.03.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстандықтар үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау «бір өтініш» қағидасы бойынша жүзеге асырылады. Бұл жөнінде бүгін өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

    «Қазіргі уақытта біз бизнес процестерді автоматтандыру бойынша жұмыстарды күшейтіп жатырмыз. Яғни, бұл республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдерін тағайындау, республикалық бюджеттен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау және бірыңғай зейнетақы жинақтау қорынан зейнетақы төлемдерін тағайындау. Біз БЗЖҚ, Ұлттық банкпен бірқатар келіссөз жүргіздік және қазір бұл аталған төлемдер мемлекеттік корпорацияға көшетіні туралы келісім бар. Сәйкесінше, зейнетақы жасына жеткен азаматқа мемлекеттік корпорацияға бір, зейнетақы жинақтау қорының филиалына екі барып, сандалудың қажеті болмайды. Мұндай «бір өтініш» қағидасы бойынша мемлекеттік корпорацияда аталған қызмет көрсетіліп, автоматты түрде зейнетақы төлемі тағайындалады», — деді вице-министр.

    С.Жақыпованың берген мәліметі бойынша, аталған оңтайландырылған жүйе ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап іске қосылады.

    «Зейнетақы төлемдерін автоматтандырылған режимде 1 шілдеден бастап іске қосуды жоспарлап отырмыз. Қазір бұл қызметті толық іске асыру бойынша бүгінде заңға сәйкес өзгертулер енгізіліп жатыр. Қазақстандықтар өтініш беру үшін бірнеше органға бару қажеттілігінен босатылатындары үшін қуанады деген ойдамын», — деп түйіндеді ЕХӘҚМ өкілі.

    Сондай-ақ, вице-министр қазақстандықтар үшін электронды еңбек шарттарын енгізу пилоттық режимде 2018 жылдың екінші жартысында жүзеге асырылатынын мәлімдеген болатын.

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.