Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-да ShymkentBuild-2018 мамандандырылған көрмесі ашылды
    Жаңалықтар

    ОҚО-да ShymkentBuild-2018 мамандандырылған көрмесі ашылды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа13.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында   «ShymkentBuild-2018» атты құрылыс және интерьер көрмесі басталды. Үш күнге жоспарланған шараның мақсаты — құрылыс секторында озық технологияларды жетілдіріп, отандық және шетелдік кәсіпорындардың жетістіктерін паш ету. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен қаржы институттарының, ғылым мен бизнестің арасында алтын көпір орнату болып табылады.

    Көрмеде Қазақстан, Өзбекстан және Ресей елдерінің 30-ға жуық кәсіпорынның құрылыс,  әрлеу материалдары мен жабдығы, лак-сыр өнімдері, құрылыс техникасы, ғимараттарды автоматтандыру құрылғылары мен жылыту, сумен қамту жыбдықтары қойылды. 

    Көрмені аралап танысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысушыларға алғысын білдіріп, шараның маңыздылығына тоқталды.

    Өңір басшысы жуырда ғана Елбасымыз  бес  әлеуметтік бастаманы нақтылап бергенін айтып, осыған  орай  ағымдағы жылы  Оңтүстік Қазақстан облысында тұрғын үй салу қарқыны күшейе түсетіндігін жеткізді.  Бұл  ретте бүгінгі ұйымдастырылып отырған ShymkentBuild-2018 көрмесі  өңірдегі құрылыс индустриясының дамуына маңызды үлес қосары сөзсіз. Облыс әкімі қазіргі уақытта аймақтың құрылыс индустриясы белсенді түрде дамып келетіндігін айтты.

    Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында  алдағы бесжылдықта 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы аясында 4,8 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Бүгінгі таңда өңірде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2021 жылға дейін 1 млн. шаршы метр тұрғын үйді ел игілігіне беру үрдісі қалыптасты. Бұдан бөлек, Шымкент қаласын Қазақстанның үшінші мегаполисі ретінде дамыту мақсатында    «ShymkentCity» жобасы жүзеге асырылуда.

    ShymkentBuild-2018 көрмесі аясында «Құрылыс саласына жаңа технологияларды енгізу» тақырыбында конференция ұйымдастырылады деп күтілуде. Аталған шара барысында көрме қатысушылары құрылыс секторындағы ең өзекті мәселелерді өзара талқыға салатын болады.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.