Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Мемлекет басшысы Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының спикері Чон Се Гюнмен кездесті
    Жаңалықтар

    Мемлекет басшысы Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының спикері Чон Се Гюнмен кездесті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа13.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Нұрсұлтан Назарбаев кездесу барысында Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастың дамып келе жатқанын және оны әрі қарай нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.

    – Қазақстан Корея Республикасымен жақсы қарым-қатынас орнатқан. Елдеріміз арасындағы тауар айналымының көлемі екі миллиард долларға жуықтады. Сіздердің тауарларыңыздың біздің елге Ляньюньган порты арқылы келіп жатқаны қуантады, онда біздің логистикалық терминалымыз бар. Қазақстан Кореямен жаңа және цифрлық технология, индустрияландыру, медицина және басқа да салаларда ынтымақтастық орнатуға ниетті, – деді Қазақстан Президенті.

    Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы парламентаралық қарым-қатынастарды нығайтудың және оларды дамытудың маңыздылығына назар аударды.

    Чон Се Гюн кездесуге және екіжақты қатынастар мәселесін талқылауға мүмкіндік бергені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді.

    Ұлттық Ассамблея спикері Астананың қарқынды дамып келе жатқанын айтып, Қазақстанда өткен жаһандық іс-шаралар – Халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесі мен Дүниежүзілік XXVIII қысқы универсиадаға жоғары баға берді.

    Чон Се Гюн екіжақты байланыстың стратегиялық сипатта дамып келе жатқанына тоқталып, «Қазақстан-2050» стратегиясының мақсаттарына жету жолында Корея Қазақстанға серіктес болуға дайын екенін атап өтті.

    Бұдан бөлек, Ұлттық Ассамблея спикері өткен ғасырдың 30-жылдарында Қазақстанға жер аударылған этникалық кәрістерге көмек қолын созып, қолдау көрсеткені үшін еліміздің халқына алғыс білдірді.

    Сонымен қатар Чон Се Гюн Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің спикері Н.Нығматулинмен кездесіп, екі ел парламенттері арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанын айтты.

    akorda.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.