Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қазақстандықтар бүгіннен бастап БАӘ-ге визасыз кіре алады
    Жаңалықтар

    Қазақстандықтар бүгіннен бастап БАӘ-ге визасыз кіре алады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа10.03.2018Updated:10.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстандықтар бүгіннен бастап БАӘ-ге визасыз кіре алады, деп хабарлады «Хабар 24» телеарнасы.

    Телеарнаның хабарлауынша, 2018 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісім қолданысқа енгізіледі.

    Осыған байланысты Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарының Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағына кіру кезіндегі талаптар туралы хабарлады.

    2018 жылғы 10 наурыздан бастап Қазақстан азаматтары визасыз негізде халықаралық қатынас үшін ашық өткізу пункттері арқылы Біріккен Араб Әмірліктері аумағына визасыз кіруге және одан шығуға, оны кесіп өтуге және онда 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде болуға құқылы.

    Әлемдегі барлық әуежайлардағы тәжірибедегідей, Біріккен Араб Әмірліктеріне кіру кезінде Қазақстан азаматтары өз төлқұжаттарын көрсетулері тиіс, одан соң олардың деректері электрондық жүйеге енгізіліп, паспорт парағына мөр басылады;

    2017 жылғы 23 мамырда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы визасыз сапарлар туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттамаға сәйкес, паспорт жарамдылығының аяқталу мерзімі 6 айдан кем болмауы тиіс, сондай-ақ халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO) талаптарына сай болуы керек;

    Әрбір Қазақстан азаматының, соның ішінде кәмелетке толмағандардың да жеке өз паспорттары болуы тиіс. Сәбилер ата-аналарының бірінің паспортына жазылмауы тиісті;

    Қазақстан Республикасының азаматтары өз паспорттарының қолданыс мерзімдерін анық білуге, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктері заңдарры мен онда болу ережелерін сақтауы тиіс;

    Біріккен Араб Әмірліктеріне халықаралық іздеуде жүргендерден басқа барлық Қазақстан азаматтарына визасыз кіруге рұқсат етіледі және олардың БАӘ-ге дейін қандай елдерде болғаны есепке алынбайды;

    Кәмелетке толған, заң жүзінде өз басына жауап бере алатын Қазақстан Республикасының әйел азаматтарына Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағына ер адамның ертіп жүруінсіз кіруіне рұқсат етіледі;

    Біріккен Араб Әмірліктері аумағында қауіпсіздіктің барлық талаптарын сақтауға байланысты кәмелетке толмаған балаларды ата-аналарының ертіп жүруі тиіс. Ал егер, кәмелетке толмаған бала ата-анасыз сапар шегетін болса, онда баланың ата-анасы немесе сенімді өкілі шығуға арнап келісім берген әрі ережеге сәйкес (Астанадағы БАӘ Елшілігінде, немесе шет елдердегі Біріккен Араб Әмірліктерінің кез-келген дипломатиялық өкілдіктерінде) заңдастырылған сенімхат ұсынылуы тиіс; 9. Біріккен Араб Әмірліктері заңдары мен нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес, визасыз тәртіппен барғандарға келіссөздер мен кездесулер өткізуге болады;

    Визасыз тәртіп бойынша барған Қазақстан Республикасының азаматтарына Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында жұмысқа тұруға болмайды;

    Біріккен Араб Әмірліктерінің заңнамаларына сәйкес, визасыз болу тәртібінің мерзімін бұзған азаматтарға қатысты қаржылай айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза көзделген;

    Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағына сапар шегуді ниет еткендер қосымша ақпаратты БАӘ Ішкі істер министрлігінің ресми сайтынан, немесе Emirates пен Etihad әуекомпаниялары сияқты ресми тасымалдаушылардан алуларына болады.

     

    Дереккөз: Kaz.tengrinews.kz

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.