Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Астананы газдандыру мерзімі белгілі болды
    Жаңалықтар

    Астананы газдандыру мерзімі белгілі болды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа10.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеу барысында әлеуметтік жаңғыртуға бағытталған бес бастаманы атап өтті. Бесінші бастама елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыруға бағытталған.

    ҚР Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Зияш Қияқбаев Primeminister.kz-ке берген эксклюзивті сұхбатында тапсырманы орындау барысы қалай жүргізілетінін және жақын арада қандай аймақтар газбен қамтамасыз етілетінін айтып берді.

    — Мемлекет басшысы палаталардың бірлескен отырысында еліміздің солтүстік өңірін бір – бір жарым жылдың ішінде газдандыру туралы тапсырма берді. Жобаларды іске асыру қандай сатыда тұр?

    — Астананы, еліміздің орталық және солтүстік өңірлерін газдандыру мақсатында газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ «Сарыарқа» магистральді газ құбырының құрылысы» жобасының ТЭН әзірледі. Оған «Мемсараптама» РМК оң тұжырым жасады.

    Қазіргі таңда «ҚазТрансГаз» АҚ 2018 жылдың маусым айында мемлекеттік сараптамадан өткізгеннен кейін іске қосу жоспарланған, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп жатыр.

    — Бұған дейін Астана қаласын газдандыру ЕҚҚДБ-дан алынатын қарыз қаражаты есебінен басталатыны туралы хабарланған болатын. Жобаны жүзеге асыруды бастау үшін барлық қажетті рәсімдер жүргізілді ме?

    — Бүгінде мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен аталған жобаның 1-кезеңін іске асыруға қатысты мәселелерді пысықтауға байланысты, соның ішінде ЕҚҚДБ, ЕАДБ секілді халықаралық қаржы институттарынан, сонымен қатар ҚДБ мен басқа да көздерден қаражат тарту арқылы тиісті шарттар мен қаржыландыру схемасы бойынша жұмыс тобы құрылуда.

    Осы жылдың маусым айына дейін қаржыландыру мәселелерін шешу және шілде айының басында магистральді газ құбырының алғашқы торабын дәнекерлеудің салтанатты рәсімін өткізу жоспарланып отыр.

    — Газ құбырын салудың нақты мерзімін атап өтсеңіз?

    — Газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ ақпаратына сәйкес, жобаны қаржыландыру басталғаннан кейін «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана» бағыты бойынша магистральді газ құбырының 1-кезеңі бір жыл ішінде жүзеге асырылады деп көзделген.

    — Жобаның болжалды құны қандай?

    — «Сарыарқа» магистральді газ құбырының 1-кезеңінің құны 267,3 млрд теңгені құрайды.

    — Газдандыру Астананың экологиясына қалай әсер етеді?

    — Жобаны жүзеге асыру жыл сайын ЖЭЦ – 1,2,3 су жылытатын қазандарында жағылатын көмірдің орнын алмастыру арқылы Астана үшін әлеуметтік-экономикалық жағынан пайдалы әсерін тигізеді. Қысқартудың ықпалы жылына – 36,1 мың тонна ластаушы заттар шығарындылары (күкірт диоксиді, көміртек тотығы, азот диоксиді, азот тотығы, қатты бөлшектер) болады. Сондай-ақ, халық көмірдің орнына табиғи газды пайдалануды жөн санайды деп есептейміз, өйткені газды отын ретінде пайдалану – еңбекті аз талап етеді әрі салыстырмалы түрде ыңғайлы.

    Дереккөз: primeminister.kz

    Фото: astana.gov.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.