Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«ОҢТҮСТІК» АИО-ның Оңтүстік Кореяға жұмыс сапары
    Жаңалықтар

    «ОҢТҮСТІК» АИО-ның Оңтүстік Кореяға жұмыс сапары

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа07.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Елбасының Жолдауын іске асыру, сондай-ақ кәсіпкерлік және инвестициялық ахуалды дамытуда өңірдің стратегиялық міндеттерін жүзеге асыру аясында «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы ОҚО әкімдігімен бірлесе отырып, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және өңірге шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жүйелі жұмыстар атқаруда.2018 жылдың 25 ақпан және 2 наурыз аралығында оңтүстік кореялық серіктестердің шақыруымен «ОҢТҮСТІК» АИО өкілдері Оңтүстік Кореяға жұмыс сапарымен барып қайтты. Мақсат — ынтымақтастықты нығайту және оңтүстік кореялық инвесторларды тарта отырып Оңтүстік Қазақстан облысындағы экономика, энергетика, қалдықтарды қайта өңдеу бойынша басым бағыттардағы жобаларды талқылау. Бірінші кездесу әлемдегі ең үздік кореялық машиналар мен техникалар шығарылатын Hyundai Corporation халықаралық компаниясында ұйымдастырылды. Кездесу барысында «ОҢТҮСТІК» АИО, «Kaz Kioti» ЖШС, Daedong Industrial Company LTD және Hyundai Corporation өкілдері тракторлар мен басқа да жабдықтарды өндіру бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Айта кету керек, біздің елде тозған тракторлар 85 пайызды құрайды. Талқылау барысында ағымдағы жылдың мамыр айының соңына дейін Оңтүстік Қазақстан облысында 75 трактор жинау туралы келісімге қол жеткізілді.

    Сонымен қатар, мамандар машина жасау, автоматтандыру, Қазақстандағы трактор зауытының тиімділігін арттыру саласындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттары бойынша тәжірибе алмасты.

    Естеріңізге сала кетейік, «Kaz Kioti» ЖШС Қазақстандағы трактор шығаратын алғашқы зауыт болып табылады. Жобаның серіктестерінің бірі — KIOTI бренді бар Daedong Industrial Co LTD кореялық компаниясы. Бұл зауытта Kioti өндіріс циклы жоғары автоматтандырылған, мұнда жылына 30 000 трактор қалыпты жүктемеде жалпы 300 қызметкермен шығарылады. Ал, «Kaz Kioti» ЖШС «ОҢТҮСТІК» АИО қаржыландырған жобалардың бірі болғандықтан, компания өндіріс орнының әрі қарай дамуына жан-жақты қолдау көрсетуде.

    Оңтүстік Кореяға сапары барысында «ОҢТҮСТІК» АИО Басқарма Төрағасының орынбасары Әбілдинов Т.О. жемшөп өндірісінің технологиялық желісін жеткізу мәселелерін шешу мақсатында RINDO компаниясының басшылығымен кездесті.

    Қорытынды жиналысты G-Global Development Community командасы БҰҰ ЭСКАТО департаменті басшысы және «жасыл экономика» саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Раэквон Чунг, Корея қоршаған орта корпорациясының (Korea Environment Corporation) басшысы Сео Янг-го және KoGet компаниясының президенті Янг-Хо Чунгмен ұйымдастырып, онда Оңтүстік Қазақстандағы тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды энергиямен қамтамасыз ету және қайта өңдеу жобалары талқыланды. Кореялық бизнесмендер алғашқы қадам ретінде Оңтүстік Қазақстан облысына инвестиция салу ниетін білдіріп, 60 млн. АҚШ доллары көлемінде технология алып келетінін айтты.

    Rae Kwon Chung — климаттың өзгеру мәселелері бойынша Корея Республикасының елшісі. Ол көптеген қазақстандық ұйымдардың, соның ішінде Еуропадағы G-Global Development Community, «Жасыл экономика және G-Global даму коалициясы» және Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының мүшесі.

    Айта кету керек, қазіргі уақытта «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы инженерлік, энергетикалық, азық-түлік өнімдерін өңдеу және қалдықтарды қайта өңдеу саласында кешенді зерттеулер, жобалар әзірлеу және оларды іске асыруды бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде.

    Дереккөз: ontustik.gov.kz.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.