Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Өзен атауын ауыстыру керек шығар?» — Назарбаева шенеуніктерді жауапсыздығы үшін сынады
    Жаңалықтар

    «Өзен атауын ауыстыру керек шығар?» — Назарбаева шенеуніктерді жауапсыздығы үшін сынады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа06.03.2018Updated:06.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Сенат депутаты Дариға Назарбаева мемлекеттік органдар өкілдерімен су басуға қарысы жұмыстарды талқылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

    Ақмола облысы әкімінің орынбасары Василий Крылов Атбасарда жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша есеп берді.

    «Өзеннің атын өзгерту керек. Жабай — ауыздықсыз өзен. Мүмкін көмектесетін шығар», — деді Дариға Назарбаева.

    «Қаржы жұмсасаңыздар мәселе ұзақ мерзімге шешілу керек», — деп жалғастырды ол.

    Депутат Алматы облысындағы жағдай туралы да сұрады.

    «Бірнеше күн БАҚ бетінде Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылын су басып жатқаны туралы айтылып жатыр. Әкімдік зардаптар болатынын алдын ала білген шығар. Ал мұндай жағдайда әкімдік не істеу керек еді? Бюджетте қарастырылған ба, қанша жыл алдын ойластырылған? Сонда жыл сайын жамауларды бітеп, көктемнің жыл сайын келетінін білмейтіндей отыра беретін болдық қой. Әрдайым табиғат апаты болжанбайтындай… Бұған қыруар қаржы жұмсалып жатыр», — дейді Назарбаева.

    Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин де жыл сайын жағдайдың қайталана беретінін айтады.

    «Жамау салған кезде республикалық және жергілікті бюджет есебінен жұмыс жүргіземіз, әкімдік билігін асыра пайдаланады. Алматы облысындағы су тасқынының бір себебі — тау баурайындағы ағын сулар өтетін жерді жеке құрылыс телімдері ретінде сату», — дейді министрдің орынбасары.

    «Түсіндік, (…) ал бұл үшін жауапкершілікті кім өзіне алады?», — деп сұрады Назарбаева.

    Ильиннің сөзінше, жер телімдерін рәсімдеу, салынған үйді пайдалануға беру толықтай жергілікті атқару органдары, соның ішінде сәулет және жер қатынастары басқармаларына тиесілі.

    «Ол жерде нақты органдар бар ғой. Бұл басқармалардың жетекшілігі қанша жылдан ауыспай келеді?», — деді Назарбаева.

    «Біз тек тергеу шаралары, қылмыстық іс қозғау аясында ғана анықтай аламыз. (…) Адам өлімі болғанда ғана», — деп жауап берді Ильин.

    «Қылмыстық кодексте осы мәселелер бойынша бірдеме өзгерту керек». Жауапсыздық үшін жауапқа тарту үшін адам өлгенін күту керек пе?», — деді Дариға Назарбаева. Еске салайық, Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында су басу қаупіне байланысты 1000 адам қауіпсіз жерге көшірілген болатын.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.