Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Өңірде эпизоотиялық іс-шараларды атқаруға 2 млрд 419 млн. теңге бөлінген
    Жаңалықтар

    Өңірде эпизоотиялық іс-шараларды атқаруға 2 млрд 419 млн. теңге бөлінген

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа06.03.2018Updated:06.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстікте эпизоотиялық іс-шараларды атқаруға 2 млрд теңгеден аса қаржы қаралыпты. Биыл ветеринарлар 14-ауруға қарсы жоспарды бекітіп отыр. Төрт-түліктің денсаулығына жұмсалатын миллиардтаған қаражатқа арнайы препараттар да сатып алынған. Мамандар көктемнің алғашқы айынан бастап мал ауруының алдын алу үшін екпе жұмыстарын бастапты. Сондай-ақ,  үй жануарларының төлдерін бірдейлендіру шаралары да жүзеге асып жатыр.

    sequence-01-00_02_54_23-still004Ауылшаруашылық министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдулданов өңірге келді. Іс-сапар Сайрам ауданындағы мал бордақылау алаңынан бастау алды. Басшылықтың мақсаты облыстағы ветеринариялық қауіпсіздік  шараларымен танысу. Оңтүстікте бұл  бағытта өткен жылы 2 млрд. 224 млн. теңге бөлініп, 14 аса жұқпалы ауруларға қарсы вакцина егу, 2-ауруға аллергиялық тексеру жүргізілген.

    sequence-01-00_02_40_14-still003Ал биылғы жылы жалпы облыста эпизоотиялық іс-шараларды атқаруға 2 млрд 400 млн-нан аса  теңге бөлініп отыр. Оның ішінде сары ауруына «оң» нәтиже берген жануарларға өтемақы төлеуде қарастырылған. Бүгінде барлығы 14 ауруға профилактикалық шаралардың жоспары бекітіліп, аудан, қалаларға жолданыпты.  Сондай-ақ көктемнің алғашқы айынан бастап мал ауруларына қарсы препараттар мен вакциналарды егу жұмыстары жүргізілуде.

    sequence-01-00_01_55_02-still002Биыл мүйізді ірі қара малға 208 мың 612 дана , ұсақ малға  2 млн-нан аса, түйеге 4 мың 300 жуық артық сырға қалып, жоспарға сәйкес бірдейлендіру шаралары жүргізіліп жатыр дейді мамандар. Сондай-ақ, 2017 жылы Халықаралық эпизоотия бюросының сарапшылары облысымызды инспекциялап, нәтижесінде аусыл ауруына вакцина егу арқылы өңірге  қолайлы аймақ мәртебесі беріліпті.

    Жомарт БЕГІМБЕТ.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.