Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО әкімі арбат салу бойынша халықтың ұсыныс пікірлерін тыңдады
    Жаңалықтар

    ОҚО әкімі арбат салу бойынша халықтың ұсыныс пікірлерін тыңдады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа06.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Қошқар ата, ескі қалашық және Шымкент қаласында салынатын арбаттардың жобаларымен танысты. Естеріңізде болса, өңір басшысы жуырда ғана Шымкент қаласындағы тарихи маңызға ие нысандары мен арбат салуға болатын көшелерді аралап шығып, туристік жобаларды жүзеге асыру бойынша сала мамандарына бірқатар тапсырмалар берген болатын.

    Солардың бірі «Қошқар ата» өзенінің бойынан саябақтар мен аллеялар, ескі қалашық маңынан ашық аспан астындағы мұражай салу жұмыстары. Мамандар жоба бойынша аталған аумақтардағы бірқатар жеке тұрғын үйлер, комерциялық нысандар мен жекешелендірілген жалпы аумағы 5,55 гектарды құрайтын жер учаскесін мемлекет мұқтажына алу жұмыстарын атқару керектігін жеткізді. Өңір басшысы шараға қатысқан жергілікті тұрғындарды алдағы уақытта атқарылатын осындай шаруаларға түсіністікпен қарауға шақырды.

    «Шымкент қалашығының көне археологиялық кешенін мұражайландыру мақсатында ағымдағы жылы бірқатар жұмыстарды атқаруымыз тиіс. Оның ішінде, белгіленген жоспар бойынша 118 нысан мемлекет мұқтажына алу жұмыстары жүргізілетін болады. Бұл нысандар Қарасу өзенінің бойында 30 метр қашықтықта орналасқан. Осындай жақсы жаңалықтармен бөлісіп өздеріңізбен талқылауды жөн көріп отырмыз. Сіздерді оңтайлы ой-пікірлеріңізді ортаға салуға шақырамын», – деді Жансейіт Қансейітұлы.

    Өз кезегінде сөз алған қоғам белсенділері мен қала тұрғындары атқарылып жатқан шаруаларға халық дән риза екенін айтты. Әсіресе, қараусыз қалған өзен бойындағы абаттандыру жұмыстары көптің көңілінен шығып отыр.

    «Бүгінде әкімдіктің араласуымен Қошқар ата өзенінің мәселесі Ордабасы алаңына дейін шешілді деп айтуға болады. Ендігі проблема Ескі қалашық маңындағы жеке тұрғын үйлер болып отыр. Кеңес үкіметі кезінде қазіргі 21 мөлтекауданында да жер үйлер болған. Олар кезең-кезеңімен сүріліп, орнына көпқабатты тұрғын үйлер бой көтерді. Тәуелсіздік алған жылдары бұл жұмыстар тоқтап қалды. Меніңше осындай тәсілмен Ескі қалашықты да жаңартып алуымыз керек», – деді өлкетанушы Кеңес Исмайлов.

    Сондай-ақ, жиында сөз алған қоғам белсендісі Жанысбек Өтеген облыс басшысының халықпен ақылдаса отырып, атқарған жұмыстарына қуанатынын жеткізді. Ол саябақтар мен арбаттарға қазақ халқының қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан тұлғаларға арнап ескерткіш қоюды ұсынды. Өңір басшысы айтылған ұсыныс-пікірлер алдағы уақытта ескерілетінін жеткізді.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.