2018 жылғы 28 ақпанда Қазақстанда шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу аяқталды, деп хабарлайды ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.
Республика бойынша барлығы 214 кандидат тіркелген. Ақмола облысы бойынша – 9 кандидат, Ақтөбе – 12, Алматы — 18, Атырау — 18, Шығыс Қазақстан – 6, Жамбыл – 10, Батыс Қазақстан — 12, Қарағанды – 29, Қостанай – 41, Қызылорда – 12, Манғыстау – 3, Павлодар – 16, Солтүстік Қазақстан – 9, Оңтүстік Қазақстан облысы – 13, Алматы қаласы бойынша 6 кандидат тіркелді.
Сайлау кампаниясы сайлау заңнамасы нормаларының шарттарына сәйкес өтуде. Сайлау комиссияларына шағымдар мен өтініштер келіп түскен жоқ.
Айта кетсек, шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына депутаттарды сайлау 68 сайлау округында ағымдағы жылдың 25 наурызында өтеді. 10 облыстық депутат, 17 қалалық және 41 аудандық мәслихат депутаты сайланады.
ҚР Орталық сайлау комиссиясы сайлау науқаны сайлау заңнамасының нормаларының талаптарына сәйкес жүргізілетініне сендірді.
«Сайлау комиссияларына шағымдар мен өтініштер түскен жоқ», — деді ҚР ОСК.
Еске сала кетейік, 25 қаңтарда мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну басталды. Сайлау 68 сайлау округінде өтеді. Облыстық мәслихаттардың 10 депутаты, 17 қалалық және 41 аудандық мәслихаттардың депутаттары болады.
ҚазТАГ.
Фото:kursiv.kz