Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Білім»Шымкенттің мектептеріне жаңа бағдарлама енгізілмек
    Білім

    Шымкенттің мектептеріне жаңа бағдарлама енгізілмек

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа01.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

     Шымкенттің мектептеріне  жасөспірімдердің өмірлік дағдыларын қалыптастыруға және суицидтің алдын алуға арналған жаңа бағдарлама енгізілмек. Бұл жоба білім ордаларында орын алатын келеңсіз жағдайларды едәуір азайтады дейді мамандар. Айта кетейік,2016 жылы қалада қылмыс жасаған жасөспірімдердің саны 67 болса, 2017 жылы көрсеткіш 27-ге дейін азайған. Ал өз-өзіне қол жұмсау фактілері өткен жылы 7-құраса, биыл жыл басынан бері 5-ке жетіп отыр.

    1

    3

    Қаладағы барлық мектеп инспекторлары, директорлар мен мұғалімдер, ата-аналар қауымы бас қосқан жиын бұл. Маңыздылығын айтпасақта түсінікті. Талқыланған басты тақырып бала тәрбиесіндегі ата-ананың міндеті, мектептегі мұғалімнің білім мен тәлім беруі, сондай-ақ, форма киген инспекторлардың тәртіп орнатуы. Мінбеге шығып сөз алған қаланың бірінші ұстазы, яғни білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжива да өзекті болып тұрған бірқатар мәселелерді атап өтті.

    2

    7

    Шындығына келгенде мектептегі кейбір оқушылардың тәртібімен жұмыс жасау ұстаздар үшін оңай шаруа емес. Баласының бетін қақпайтын ата-ана мен қылығына көз салмайтын жанұялар да бар. Кейбіріне әлеуметтік жағдайы әсер етеді. Сондықтан бірінші кезекте шаңырақтағы тәрбие мәселесіне аса көңіл бөлу керек.

    00104-00_03_10_16-still004

    Дегенмен саладағы көрсеткіш жақсара түскен соңғы жылдары. Мысалы ішкі істер департаментінде есепте тұратын жасөспірімлер 2016 жылы 67 болса, өткен жылы 27-ге кеміпті. Ал ең өзекті болып табылатын оқушылардың өз-өзіне қол жұмсауы үдеп келеді. Сондықтан, суицидке итермелейтін факторларды анықтап , оның алдын алуда қала әкімдігі мен білім бөлімі жаңа бағдарламаны енгізбек. Мамандар бұл тәсіл еліміздің 5-облысында жүзеге асырылғандығын айтады. Нәтижесінде мұндай келеңсіздіктер 2-есеге дейін азайыпты.

    6

    00104-00_05_33_14-still007

    Жиында қаладағы №127 мектептің өзіндік тәжірбиесі насихатталды. Яғни, аталған білім ордасы жасөспірімдердің психологиясына оң әсер беріп, олардың өмірге деген құштарлығын арттыратын көптеген шараларды өткізген. Мектеп оқушылары бұл бағытта қаланың барлық білім ордасына өздерінің  үндеуін де арнапты. Олар бейнежазбада барлық оқушыларды  өмірге  талпынуға және  ішкі дүниесін өз ортасымен бөлісуге шақырады. Қысқасы жиынның берер түйіні аталған істе мұғалімнің де, ата-ананың да бала тәриесіне көңіл бөлуін арттыру. Қалай десекте бала тәрбиесі — ұлт болашағы екенін ұмытпаған жөн.

    Жомарт БЕГІМБЕТ.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.