Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО әкімдігі орнатқан кері байланыс тиімділігін көрсете бастады
    Жаңалықтар

    ОҚО әкімдігі орнатқан кері байланыс тиімділігін көрсете бастады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа01.03.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Биылғы жылдың 8 ақпан күні Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж. Түймебаевтың тапсырмасымен әлеуметтік желі арқылы байланысты жақсарту үшін Whatsapp мессенджері іске қосылған болатын. Ондағы мақсат —  әкімдік пен  облыс жұртшылығы арасында  ашық диалог орнатып, қоғамдағы түйткілді мәселелерді дер кезінде шешу.

    Бүгінде аталған байланыс түрі өзінің тиімділігін көрсете бастады. Қазірдің өзінде Whatsapp мессенджеріне тұрғындар тарапынан жалпы саны 208 сұрақ келіп түскен. Оның 49-на   жауап беріліп, тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда.

    Келіп түскен сұрақтардың басым көпшілігін инфрақұрылымдық мәселелер құрап отыр. Атап айтсақ, 10 тұрғын табиғи газ, 7 тұрғын ауыз су, 34 азамат тұрғын үй кезегін, 10 азамат электр энергиясына қатысты мәселе айтып, шағымданған. Сондай-ақ, 24 азамат жол қиындығын көтерсе, 14 тұрғын қоғамдық көлікке қатысты, 12 азамат қоқыс мәселесі жөнінде  шағымын жеткізген.

    Арыз-шағым түсіргендердің басым көпшілігін Шымкент қаласының тұрғындары құрап отыр. Мәселен, келіп түскен 208 сұрақтың 137-сі  облыс орталығының тұрғындарына тиесілі болып шықты. Екінші орында 8  сауал жолдаған Төлеби ауданының тұрғындары тұр.

    Бүгінгі таңда келіп түскен өтініштерді салалық басқармалардан құрылған жұмысшы топ назарға алып, нәтижесін өтініш берушіге жолдауға дайындау үстінде. Еске салайық, облыс тұрғындары арыз-шағымдары бойынша  мына көрсетілген  + 7 702 198 53 23 ұялы телефон нөміріне тіркелген WhatsApp Messenger-ге сауалдарын жолдауына  болады.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.