Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-да биыл жалпы құны 70 млрд. теңгені құрайтын 20 жоба іске асады
    Жаңалықтар

    ОҚО-да биыл жалпы құны 70 млрд. теңгені құрайтын 20 жоба іске асады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа01.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Биыл «Шымкент» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы еншілес ұйымдармен бірлесіп жалпы құны 70,82 млрд теңгені құрайтын 20  жобаны жүзеге асырғалы отыр.  Нәтижесінде 2600-ге жуық адам жұмыспен қамтылатын болады. Бүгін бұл туралы  Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Шымкент» ӘКК ҰК» басқарма төрағасы Айтмұхаммед Алдажаров мәлім етті.

    Басқарма төрағасының айтуынша, аталған жобалар «Оңтүстік» индустриалды аймақ және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жүргізіледі.

     «Биылғы жылы қол алынатын 20 жобаның 12-ін «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жүзеге асырады. Оның құны 23,463,3 млн. теңгені құрап отыр.  Ал, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жалпы құны 3,5 млрд. теңгелік 5 жобаны іске асыруды жоспарлауда.  Бұдан бөлек, «Оңтүстік» индустриалды аймақ  40 млрд. теңгені құрайтын 5 жобаны іске қосу мақсатын көздеп отыр», – деді Айтмұхаммед Тұрарбекұлы.

    Жалпы  2017 жылы «Шымкент» ӘКК трансформациялау кезеңінен өткен.  Нәтижесінде жаңа жұмыс әдісі әзірленіп, инвестициялық жобаларды тиімді басқаруға және іске асыруға бағытталған басқару жүйесі енгізілген. Осының арқасында бірқатар ауқымды жобаларды іске асыру ісі жеңілдей түскен.  Мәселен, Қарабұлақ ауылында сүт өндіру және қайта өңдеу кластері құрылды. Сондай-ақ, «Астана» тұрғын үй кешенін салу  бойынша отандық инвесторлар  4 блок тұрғын үй кешеніне 1 млрд 507 млн  теңге қаржы құйған болатын. Бүгінде оның 2-і ел игілігіне тапсырылған.

    Айта кетейік, бүгінде облысымызда инвестициялық  жобалардың саны мен сапасын арттыру мақсатында «Шымкент» ӘКК-ның «Ontustik Invest» инвесторларға қызмет көрсету бөлімі қалтқысыз жұмыс істеуде.  Ондағы мамандар бизнес-жобамен келетін инвесторларға  тиісті деңгейде көмек қолын созады. Сондай-ақ, аталған мекеме құрылыс, агроөнеркәсіптік кешен, жер қойнауын пайдалану, энергетика, мемлекетттік – жеке серіктестік және «Smart Ontustik» ақпараттық технологияларын енгізуге атсалысып отыр.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.