Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық кеңесінің отырысы өтті
    Жаңалықтар

    «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық кеңесінің отырысы өтті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа01.03.2018Updated:01.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.Қ. Тілеуханның төрағалық етуімен «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық кеңесінің отырысы өтті.

    Есімдері елімізге кеңінен танымал қоғам қайраткерлері, шығармашылық пен ғылым адамдарынан құралған зиялы қауым, «Мирас» республикалық кеңесінің мүшелері, ҚР Парламенті депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, айтулы блогерлердің қатысуымен «Ұлттық кодты қалыптастырудағы мемлекеттік телеарналардың рөлі және басылымдар, теле, кино өнімдері, көрсетілетін бағдарламалардың сапасы заман талабына, бәсекелікке сәйкестігі» туралы өзекті тақырып талқыға салынды.

    1213
    Қоғам толығымен сандық телевизияға көшуге ұмтылған тұста, телевидение мен радио көрермен талғамына сай сапалы, технологиялық тұрғыдан деңгейі жоғары, әрі мазмұнға бай өнімдер беруге міндетті. Республикалық «Мирас» кеңесі отырысының көздеген негізгі мақсаты да осы мемлекеттік телеарналар қазіргі таңда қандай сапада жұмыс жасап жатыр деген сұраққа келіп ойысты.

    Кеңес отырысында сөз болған еліміздің әлемдік өркениеттегі орны, өзара татулық пен бірлік, жарасымдылық жайы ақпараттық саясатқа үлкен жауапкершілік жүктейтіні анық. Медиа нарықта бұрынғы таптаурын бол,ан көне сүрлеумен жұмыс істеудің уақыты әлдеқашан өтіп кеткен. Соған байланысты бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында мемлекеттік медианы нарықтың бір бөлігі ретінде қабылдап, оның экономикалық тиімділігін арттыру керек деген пікірлер алға тартылды.

    1214

    «Мирас» кеңесінің мүшелері құзырлы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік телеарна жетекшілерінің баяндамаларын тыңдап талқыға салды. Төл арналарымызда ақпараттық-сараптамалық, әлеуметтік, танымдық хабарлар, қызықты мегажобалар, тартымды телехикаялар жұртшылық көңілінен көптеп шығып жатса шығармашылық ұжым үшін үлкен абырой болып саналатыны рас. Сол себептен, біршама телебағдарламаларға қатаң сын айтылды.

    Кино өнімдерінің жайына келсек, отандық телехикаялардың дамып келе жатқаны шындық. Ұлттық телеарнаның тапсырысымен жарық көрген телехикаяларға көпшілік сұранысының арта түскені анық. Осы бағытта қолға алынып жатқан тағы қандай нақты жобалар бар деген сұрақтар туындады.

    Табыс сыры — өнімнің сапасында, осы мақсатта жасалған драматургия мен режиссерлік шешімде, актерлердің шынайылығында, еліміздегі отандық телевизиялық өнімге деген сұраныстың өскендігінде. Дегенмен, мелекеттік арналарда түрік, үнді, кәріс сериалдарының үздіксіз көрсетілуі – көпшіліктің сана-сезімін билеп, сол елдің салтына еліктеушілік көбейіп, еліміздің салт-дәстүріне кері әсер етіп жатқаны айдан анық. Осындай келеңсіз дүниелерге тоқтам бола ма, үздік отандық өнімдердің жарыққа көбірек шығуына не кедергі дегенөткір сұрақтарға жауап іздестірілді.

    Отырыстың қорытындысы бойынша «Мирас» кеңесінің мүшелері еліміздегі ҚР Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес, Ұлттық кодты қалыптастыруда негізгі орын алатын ұлттық телеарналар көрсетілімдерінің сапасын заманауи талаптарға сәйкес жандандыруды, сонымен қатар үздік отандық кино өнімдерін түсіруге баса назар аударуды тапсырды.

    Отырысқа қатысушылар үшін Максим Рожин, Өркен Кенжебек сияқты елімізге танымал блогерлерінің туындылары жайлы фотокөрме ұйымдастырылды.

    Дереккөз: nurotan.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.