Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Сағынтаев: Инвестиция тарту мәселелері – әр әкімге жүктелген жеке жауапкершілік
    Жаңалықтар

    Сағынтаев: Инвестиция тарту мәселелері – әр әкімге жүктелген жеке жауапкершілік

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа28.02.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бақытжан Сағынтаев 2017 жылы инвестициялар тартудың барлық негізгі көрсеткіштері бойынша өсімге қол жеткізілгенін атап өтті.

    Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында инвестициялар тарту бойынша жұмысты ұйымдастыру мәселелері бүгін ҚР Үкіметі отырысында қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев аталған бағытта жұмысты жандандыру және жақсарту бойынша бірқатар тапсырмалар берді, деп хабарлады primeminister.kz.

    Атап айтқанда, Бақытжан Сағынтаев 2017 жылы инвестициялар тартудың барлық негізгі көрсеткіштері бойынша өсімге қол жеткізілгенін атап өтті. Жаңа кәсіпорындар ашылуда, жұмыс орындары құрылып жатыр. Барлық деңгейдегі инвесторларға мемлекеттік қолдау көрсетілуде.

    Алайда, жағымды инвестициялық ахуал қалыптастыру бойынша қолға алынған шараларға қарамастан, шетелдік инвесторлардың жер жерлердегі қандай да бір өзекті мәселелерді шешу бойынша өтінімдер саны азаймай отыр. Бұл проблемаларды инвесторлар Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес аясында және басқа да диалог алаңдарында айтып келеді.

    Қазақстанда 145 басымдықты инвестжобадан тұратын тізім анықталды, оларға тұрақты түрде мониторинг жасалып отырады. Барлық мәселелерді «бір терезе» шеңберінде жедел тәртіпте шешу қажет. Бақытжан Сағынтаев айтып өткендей, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында ТҰК мен «сенімді инвесторларды» тарту бойынша міндет тұр. Сондай-ақ, еліміз үшін Қазақстан мен Қытайдың 51 ортақ жобасын іске асыру аса маңызды.

    Қазақстан Премьер-министрі «Kazakh Invest» ҰК-мен бірге осы жобалардың әр қайсысы бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігіне инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбектің назарын аударды. Адамдарға бұл ескі емес, жаңа жобалар екенін жеткізуіміз керек.

    Бақытжан Сағынтаев сондай-ақ моноқалаларға инвестициялар тарту мәселелерін көтерді. Жаңа жобаларды тарту моноқалаларда жаңа өндірістер мен жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізуі тиіс болатын. Алайда, қазір оған дұрыс көңіл бөлібей отыр. Осыған байланысты инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбекке осы мәселені бақылауға алу жүктелді.

    Өңірлерде инвестициялар тарту бойынша жұмысты күшейту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды. Әр өңірде инвестициялар бойынша арнайы әкімнің орынбасарлары анықталды, «Қазақ Инвест» өңірлік өкілдіктері ашылды, инвесторлардың проблемаларын шешу үшін өңірлік штабтар құрылды. Соған қарамастан, бірқатар облыстарда, оның ішінде Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында инвестициялар тарту мәселелері басқа өңірлермен салыстырғанда өте төмен деңгейде.

    Бақытжан Сағынтаев облыстардың әкімдеріне инвестициялар тарту мәселелерін қатаң бақылауды тапсырды, оған қоса жаңа және іске қосылған жобалардың жұмысының тиімділігі туралы еске салды.

    Тапсырмалардың орындалуын бақылау Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Маминге жүктелді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.