Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Білім»Оңтүстікте білім саласындағы сыбайластықты болдырмаудың жолдары талқыланды
    Білім

    Оңтүстікте білім саласындағы сыбайластықты болдырмаудың жолдары талқыланды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа28.02.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті мен білім басқармасының ұйымдастыруымен білім саласына қатысты отырыс өтті. Жиынның мақсаты – білім саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, сондай-ақ электронды мемлекеттік қызметтерді насихаттау болды, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Хабарда облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков, Ұлттық бюро, білім беру ұйымдарының басшылары, заң органдарының, кәсіподақ және халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері, бейнеконференцбайланыс арқылы аудан, қала әкімдері, олардың салаға жауапты орынбасарлары, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, колледж, мектеп директорлары қатысты. Жиын барысында қатысушылар мектептердегі заңсыз ақша жинау, сондай-ақ жұмысқа орналасу үшін пара беру мәселелері жиі орын алатынын сөз етті. Өз кезегінде Ұ.Сәдібеков сыбайластыққа жол берген азаматтар жазасыз қалмайтынын жеткізді делінген.

    «Аудандық білім бөлімі немесе әдістемелік кабинет мектептерден түрлі  қажеті де, қажетсіз мәлімет пен есеп алдыртады. Сол берілетін мәліметтің сапасы төмен болса, мектеп мұғалімін қайта сандалту басталады. Мұның соңы пара ұсыну жағдайына дейін алып барады. Міне, осы мәселені жауапты азаматтарға қолға алуды тапсырамын», – деді Ұласбек Сәдібекұлы.

    Жиында пара алу кезінде ұсталған мектеп директорларына қатысты бейне түсірілімдер көрсетілді. Ондағы мәлімет бойынша 2017 жылы облысымыздың білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 19 іс тіркелген. Ал, 2016 жылы 7 оқиға орын алыпты.

    Сондай-ақ, жиында білім саласындағы сыбайлас жемқорлықты болдырмау, қызмет сапасын жақсарту мақсатында енгізілген цирландыру жүйесінің артықшылықтары кеңінен сөз болды. Айталық, облыста оқушыларды бірінші сыныпқа қабылдау және мұғалімдерді жұмысқа тұрғызу процестері толығымен электронды форматқа өткізілген. Республикада алғаш рет қолға алынған жоба өзінің оң нәтижесін беріп келеді. Сонымен қатар қызмет беруші мен қызмет алушылардың арасындағы тікелей байланысты азайту үшін халыққа мемлекеттік қызметтерді электронды порталы арқылы алу тәсілдерін үйрету мәселелері талқыланды.

    Айта кетейік, бүгінде азаматтармен тиімді кері байланыс орнату мақсатында www.memkyzmet.kz сайтында арнайы «Білім» айдары мен +7 775 869 21 21 нөмірі бойынша WhatsApp желісі жұмыс істеуде.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.