Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Айғақ»: Облыс әкімі Ж.Түймебаевтың тарихи маңызы бар ұсынысы қолдау тапты
    Жаңалықтар

    «Айғақ»: Облыс әкімі Ж.Түймебаевтың тарихи маңызы бар ұсынысы қолдау тапты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа28.02.2018Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Сарыағаш және Мақтарал аудандарының тұрғындары облысқа жаңа басшысы келгеен сайын тұрақты түрде аудандарды бұрынғы қалыпына келтіруді, яғни  Мақтаарал ауданын үш ауданға және Сарыағаш ауданын екі ауданға бөлу туралы өтініш жасайды. Бұл өтініштерді бұрынғы облыс әкімдері онша назар аудармайтын еді.

    Жансейіт Қансейітұлы облысқа әкім болып тағайындалғаннан кейін аталған аудан тұрғындарының өтініштерін назарға алып, оны қанағаттандыру үшін Елбасына ұсыныс енгізген және ол қолдау  тапқан. Бұған дәлел Ж.Түймебаевтың облыс маслихат депутаттарының алдында сөйлеген сөзі.

    «Бүгінгі ұсынысты тарихи сәт деп бағалауға болады. Аталған аудандарда қазіргі таңда 630 мыңнан астам халық тұрып жатыр. Бұл еліміздегі өзге облыстардың халқымен салыстырғанда едәуір көп саналады. Енді ұсынысымыз Елбасы тарапынан толық қолдау тауып жатса, екі аудандағы халыққа мемлекеттік қызмет көрсету жүктемесі азайып, әкімшілік аумақтағы барлық бағыттағы жұмыстардың сапасын көтеруге өз септігін тигізеді деп есептеймін» , — деді Жансейіт Қансейітұлы.

    Ж.Түймебаевтың аталған аудандарды бөлу туралы ұсыныстары Сарыағаш және Мақтаарал аудандардың маслихаттары мен әкімдіктерінің бірлескен отырысында қаралды.

    Ал, 2018 жылдың 16 ақпанында Сарыағаш және Мақтаарал аудандарының өкiлдi және атқарушы органдарының аудан аумағын бөлу жолымен аудандар құру, оларға атау беру, әкімшілік орталықтары мен шекараларын белгілеу туралы бiрлескен шешімдері қабылданды.

    Осыған орай, Мақтаарал ауданын үш ауданға яғни, Мақтаарал, Асықата, Жетісай, Сарыағаш ауданын екі ауданға яғни, Сарыағаш, Келес деп бөліп, бұрынғы аудан орталықтарын қайта қалпына келтірутуралы шешімдік ұсыныстары облыс маслихаты мен әкімдіктің бірлескен отрысында қаралып, Мемлекет және Үкімет басшыларына тиісті ұсыныстар енгізу туралы бірлескен шешімдер қабылданды.

    Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, Облыстық мәслихат сесиясының төрағасы Дулат Әбіш және Облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев мәслихат сессиясының қорытындысы бойынша қабылданған бірлескен шешімдерге қолдарын қойып, рәсімдеген.

    Атап айтқанда:

    — Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Сарыағаш қаласында орналасқан алаңы 417074, 0 гектар жерді құрайтын Сарыағаш ауданы және әкімшілік орталығы Абай ауылында орналасқан алаңы 345129, 0 гектарды құрайтын Келес ауданын құру туралы ұсыныс Қазақстан Республикасы Үкіметіне енгізілсін;

    — Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Асықата кентінде орналасқан алаңы 64435, 0 гектар жерді құрайтын Асықата ауданын, әкімшілік орталығы Жетісай қаласында орналасқан алаңы 55992, 0 гектар жерді құрайтын Жетісай ауданын, әкімшілік орталығы Мырзакент кентінде орналасқан алаңы 64971, 0 гектар жерді құрайтын Мақтаарал аудандарын құру туралы ұсыныстар Қазақстан Республикасы Үкіметіне келісілсін;

    — Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш, Келес, Асықата, Жетісай, Мақтаарал аудандарының шекараларын өзгерту Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісілсін;

    — Сарыағаш ауданының аумағын бөлу жолымен құрылатын аудандарға Сарыағаш ауданы, Келес ауданы деп атау беру туралы ұсыныстар Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізілсін;

    — Мақтаарал ауданының аумағын бөлу жолымен құрылатын аудандарға Мақтаарал ауданы, Асықата ауданы, Жетісай ауданы деп атау беру туралы ұсыныстар Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізілсін деп, — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулылары және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының шешімдарі қабылдаған.

    Айдар Дидар

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.