Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Жергілікті әкімдіктердің бюджеті 300 млрд теңгеге толығуы мүмкін – ҰЭМ
    Жаңалықтар

    Жергілікті әкімдіктердің бюджеті 300 млрд теңгеге толығуы мүмкін – ҰЭМ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа27.02.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    2017 жылы елімізде жүргізілген конституциялық реформалардың нәтижесінде жергілікті әкімдіктердің бюджеті 300 млрд теңгеге толығуы мүмкін. Бұл туралы Әділет министрлігінде өткен жиында Ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

    Бүгін Әділет министрлігінде заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Онда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды. Аталған заңды Ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов таныстырды.

    2017 жылы конституциялық реформа аясында Мемлекет басшысы өзінің кейбір өкілеттілігін Үкіметке берген. Нәтижесінде Үкімет мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағытын анықтайтыны, ал орталық атқарушы органдар мемлекеттік саясатты жүзеге асыру функциясын бақылайтыны белгілі болған. Сондай-ақ, жергілікті өңірдегі органдар мемлекеттік саясатты өңірде жүзеге асыруына жауап береді.

    Осы орайда вице-министр аталған бағыттағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігін алға тартты.

    «Заң жобасы мемлекеттік басқару органдары арасында билік өкілеттіліктерін қайта бөлуді қарастырады. Бұл өңірлердің өзін-өзі басқару деңгейін арттырады. Ол үшін Қазақстанның 40-тан астам заңнамалық актісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет. Ұлттық экономика министрлігі шамамен 250 заңнамалық актіге талдау жасап, 9 мыңнан астам реттеуші функцияны анықтады», — деді ол.

    Сонымен қатар Айбатыр Жұмағұлов Елбасы биылғы Жолдауында жергілікті бюджетке шағын және орта бизнестен түсетін корпоративті табыс салығын беру мәселесін шешуді тапсырғанын мәлімдеді.

    «Қазіргі таңда ҰЭМ жергілікті бюджетке корпоративті табыс салығынан түсетін түсімдерді беру мәселесін пысықтап жатыр. Жергілікті бюджетке шағын және орта бизнестен түсетін корпоративті табыс салығын беру өңірдегі экономикалық белсенділікті арттырады. Болжам бойымша корпоративті табыс салығын әкімдіктерге беру нәтижесінде жергілікті бюджет 300 млрд теңгеге толығады, — деп түйіндеді сөзін вице-министр жоғарыда аталған заң жобасын талқылау барысында.

    (Фото: Today.kz)

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.